Колл-центр(Тегін қоңырау шалу):
1408+7 (800) 080 18 90

СТАРТ-АП бірлестіктер


StartEurope

StartEurope компаниясы 2009 жылы құрылды, және сол уақыттан бері еуропалық экожүйесі стартапының маңызды бөлігіне айналды. Ұйымдастырушылар Еуропадағы кәсіпкерлік саласындағы түрлі іс-шараларды ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлер, инвесторлар, сарапшылар және басқа да көптеген атақты адамдар қауымдастығын құрды. Компанияның барлық ортақ қатысушыларының идеологиялық принципі, ол кәсіпкерлер — бұл қоғамды алға жүргізетін адамдар, өйткені олар ағымдарға қарсы және басқалары қорқатын жаңа жағалауларға жүзеді деген сенім болып табылады. Компанияның миссиясы Еуропа кәсіпкерлерін арттыру және дәлелдеу, қауымның ресурсын ұсыну болып табылады, ол қазіргі инфрақұрылымды және барлық ықтимал ресурсты және әдістері неғұрлым тиімді пайдаланады. Өйткені, соңында қалыптасатын тұтастық ол оның бөліктерінің сомасынан артық. Әрдайым.

City StartUp Club

Бұл сенің аумағында, сенің қалаңда, сенің қағидаларыңда, сені қолдау үшін құрылған стартап-командалар, кәсіпкерлер, бизнес-періштелер, менторлар, сарапшылар, венчурлық инвесторлар қауымдастығы. Мұнда сен жобаңды ілгерілету мүмкіндіктеріне иеленесін, білім, тәжірибе аласың, идеядан IPO-ға дейін кезең-кезеңімен қозғалысқа үйренесің. Мұнда оқу, жылжыту және қаржыландыру үшін көптеген қызықты мүмкіндіктерің пайда болады.

Бұл федералды және аймақтық іс-шаралардың негізгі даму институттарына — форумдарға, конкурстарға, стартап-мектептерге, тренингтік және менторлық бағдарламаларға кірудің бірыңғай нүктесі. Сколководағы Халықаралық инновациялық фестиваль — "StartUp Village", "Инновациялар және техникалық шығармашылық", "Инновациалық бизнес" атты "Селигер" Бүкілресейлік форумының ауысымдары, Бүкілресейлік инновациялық жобалар байқауы, Бүкілресейлік жастар инновациялық конвенті, Кәсіпкерлік инновациялық бизнес-жоспарлар байқауы, "Бизнес" инновациялық технологиялар (БИТ) – іс-шаралар күнтізбесі үнемі толығып, оқиғаларға толы болды.

Сен өзқатысуыңды жоспарлап, жобаңды сараптауға, грант алуға, инвестордың бағалауына жібере аласың, нарыққа шығу үшін қажетті құзыретіңді арттырып, өз жобаңды жетілдіресің.

Бұл инвестициялар мен инновациялар нарығының беделді сарапшылары мен тәлімгерлерімен көзбе-көз және қашықтықтан жұмыс істеу үшін бірегей алаң. Бұл венчурлік инвесторлармен жылдам байланыс және саған алға қарай жылжуға мүмкіндік беретін жобаңның бағалауы.

Бұл Ресей үшін жаңа, ал Еуропа мен АҚШ-та үйреншікті өзін-өзі дамыту және жылжыту жүйесі, өз жобаларын коммерцияландыруға бел буған стартап-командалар бірігіп, ұйымдасқан зияткерлік күшке айналады. Олар бір-біріне көмектесіп және бірін-бірі қолдап, жоғары технологиялық нарықтарда бәсекелестіктің жаңа сценарийлерін әзірлейді.Бұл сервистер мен мүмкіндіктердің шексіз жиынтығы.

City StartUp Club —стартапқа көптеген кедергілерді қысқа мерзімде жеңу мен жетістікке жету мүмкіндігін беретін лифт.

Сенің қалаңдағы, сенің өңіріндегі, Ресейдегі City StartUp Club бөлігі болғың келе ме? Сайтта тіркел, іс-шараларға қатыс, сұрақтар қой, форумдарға қатыс, үйрен, үйрет, бізбен бірге жоғарыға ұмтыл!

Сен өз аймағыңда City StartUp Club стартап-командалар қауымдастығын ұйымдастырғың келе ма? Бұл туралы City StartUp Club модераторларына хабарла, өз мақсаттарыңды айқында да қандай нәтиже болатынын жаз –біз саған көмектесеміз!

Сен тәжірибелі стартапысың және өз табыс тарихыңмен бөлісе аласың ба? Біз сені City StartUp Club күтеміз, өйткені сенің тәжірибең өз жолын жаңа бастағандар үшін шабыт көзі бола алады.

STARTUP GRIND

Әлемдік стартап – қоғамдастықтың өкілдерін біріктіретін жоба. Жобаның негізін қалаған Калифорнияның екі тұрғыны – Дерек Андерсен және Спенсер Ниелсен. Жобаның әлемдік таралуы қаржыландыруды Google компаниясы өзіне алғаннан кейін басталды. Жобаның мақсаты – өзара тәжірибе және білім алмасу үшін стартап кәсіпкерлердің желісін құру. Жоба шеңберінде компания бизнесмендер, инвесторлар, жаңашыл идеяларға ие оқытушылардың 35 елдің 85 қаласында ай сайынғы кездесулерін өткізеді. Қоғамдастықтың Қазақстандағы ұйымның ұйымдастырушы idea-lab.kz.

STARTUP GRIND ALMATY алғашқы ивенттер жыл сайын ұйымдастырылып, 2014 жылдың сәуірінде (Mr. Aidan Karibzhanov қолдауымен және қатысуымен), содан кейін 2015 жылы (Mr. Stephen Wolfram қолдауымен және қатысуымен) өткізілді.

STARTUP GRIND ALMATY-2016 жобалық командасының кик-оф-митингі 13.10.16 ТҰРАН Университетінде ТШО, Қазақстан Тәуелсіз Директорлар Қауымдастығының, R7 Group, Live Language, Almaty, PMI Kazakhstan Potential Chapter және т. б. әріптестердің қатысуымен өтті.

Қоғамдастықтың ұраны: "Біз достарымызға және әріптестерімізге сенеміз, және өзімізден бұрын басқаға көмектесу қажет деп есептейміз. Біз жергілікті кәсіпкерлердің, стартаптардың және спин-оффтардың жетістікке қол жеткізулерін қолдауға ынталымыз, олардың стартап-саяхаттарының бастауы есте қаларлықтай болуына көмектесуге тырысамыз".

Startup Grind — Қазақстандағы кәсіпкерлік қауымдастығы үшін қызықты тақырыпқа кәсіби қарым-қатынасты орнатуды көздейтін жаңа формат.

Start Path

Бұл халықаралық Mastercard бастамасының бір бөлігі, ол ең перспективалы стараптардың тұтынушыларға, іскерлік серіктестер мен қаржы индустриясына пайда әкелуін зерттеуге бағытталады. 2014 жылдың басында құрылған бизнес-акселератор Mastercard халықаралық үздік топтармен тікелей жұмыс жасауға, жасанды зияткерлік және «сөйлесу коммерциясынан» бастап блокчейнге дейін – әр түрлі салаларда инновациялық шешімдер әзірлеуге мүмкіндік береді. Соңғы 2 жыл ішінде Start Path 24 нарықтан 90 астам компания қатысқан. Ұсынылған бизнес-шешімдепр негізінде Mastercard сынама жобаларды белсенді түрде шығарады және бағдарламаға қатысқан стартаптардың 20% инвестиция салады.

Mastercard Start Path бағдарламасы Еуропада біршама жетістіктерге қол жеткізген және бүгінгі таңда өңірдегі үздік жобаларды белсенді іздеуді жалғастырып, қарқынды дамып отырған стартап-қауымдастықтар алдында міндеттемелерін орындайды. Бағдарламаның мақсаты – инновациялық шешімдерді анықтау және қолдау, электронды коммерция технологияларын дайындайтын компанияның жемісті дамуына жағдай жасау. 6 ай ішінде виртуалды бағдарлама стартаптарға бизнестегі мәселелердің шешімін тауып, жаңа мүмкіндіктер ашуға мүмкіндік береді. Әр тоқсан сайын Mastercard Start Path 6 айлық виртуалды бағдарламаға қатысу үшін стартаптар тобын іріктейді. Ақпаратты http://www.startpath.com сайтынан қарай аласыз.

Startup Village

Бұл Ресей мен ТМД мемлекеттеріндегі технологиялық кәсіпкерлерге арналған ең ауқымды стартап-конференция, оны «Сколково» қоры серіктестерімен бірге ұйымдастырады.

Startup Village стартапшылар мен инноваторлар ісі сәтті кәсіпкерлермен, инвесторлармен, ірі технологиялық корпорациялармен және билік өкілдерімен технологиялық трендтерді, Ресейлік кәсіпкерлердің жаңа буынын қалыптастыруды талқылау үшін кездесетін бірегей алаң болып табылады. Шара халықаралық сипатта болады және оған жыл сайын 20 астам мемлекеттің өкілдері қатысады. Startup Village — бұл тікелей қарым-қатынастың ерекше ахуалы, мұнда VIP-қонақтар бөлінбейді, жабық сессиялар және қол жетімділігі шектеулі аймақтар болмайды. 2017 жылы конференция 5 рет өтеді.

Startup Village дегеніміз не?

Конференция

Іскерлік бағдарлама 150 жуық интерактивті сессиялардың басын біріктіреді, олар технологиялық трендтерді, жаңа нарықтардың қалыптасуын, бизнес-үлгілер трансформациясын зерттеуге бағытталады. Шара форматы стартаптарға технологиялық кәсіпкерлік аңыздарымен ашық қатынасқа және тікелей кеңес алуға мүмкіндік береді.

Байқау

Егер сіздің дайын өнім немесе прототипіңіз болса және оның түсімі 1 млн рубльден кем болмаса – «Компания конкурсы» сізге арналған. Жүлде қоры: 1 орын – 5 млн рубль, 2 орын – 3 млн рубль, 3 орын – 2 млн рубль. Сонымен қатар, әрине, көптеген инвесторлар, венчурлық қорлар, жетекші әлемдік корпорациялардың топ менеджерлері әділ қазылық етеді, ауқымды PR жариялау болады. Егер сіздің тамаша идеяңыз бар болса, сізді «Идеялар байқауында» күтеміз. Бұл 1 млн рубль ұтып алу және сарапшылар мен менторлардан кері байланыс алу мүмкіндігі.

Startup Bazaar

Жобалар көрмесі, оның шеңберінде жас топтар прототиптен бастап дайын өнімге дейін перспективті ресейлік әзірлемелерін ұсына алады. Осы жылы көрмеге 150 жуық стартап қатысады.

SV Partners

SV Partners кездесу белгілеу сервисінің көмегімен 2016 жылы алаңда инвесторлар мен стартаптардың 578 кездесуі ұйымдастырылған, ол осы жылы жұмыс жасайтын болады. Кездесулер үшін арнайы аймақ белгіленеді.

Happy Farm

Украиндық Happy Farm бизнес-акселераторы Қазақстан үкіметімен бірлесе отырып, ТМД, Азия және Еуропа стартаптарына арналған Technation бағдарламасына қабылдауды бастайды. Бағдарламадан өту барысында жеті жоба Кремний жазығына іс-тәжірибеден өтуге барып, өз өнімін үлестік қатысусыз дамытуға $27 мың (5 млн. теңге) шамасында алады (equity free ұстанымы бойынша). Қатысу өтінішін өз компаниясын Қазақстанда тіркеген украиндық стартап-топтары бере алады.

Бағдарламаға ерте даму кезеңіндегі стартаптар берілукі мүмкін. Акселератор төрт негізгі бағытта инновациялық жобаларды анықтайтын болады:

электронды коммерция;

мобильді технологиялар;

–big data технологиялары;

медиа-технологиялар.

Бағдарлама бірнеше кезеңде жүргізіледі. Алдымен резиденттер екі айлық қарқынды менторлық дайындық курстарынан өтеді. Екінші кезеңде АҚШ Кремний жазығына іс-тәжірибеден өтуге барады. Қазақстанға оралғаннан кейін топтар өз жобаларын әрі қарай дамыту үшін инвестиция алуға үміткер бола алады. Бағдарлама жыл сайын өтетін болады.

GenerationS

GenerationS акселераторы ТМД аумағында білім беру алаңдарының серіктестік желісін құрған.

GenerationS федералды технологиялық стартаптар акселераторының білім беру желісіне қатысушылар саны 33. Серіктестік шаралары 11 мемлекетте және Ресейдің барлық федералды округтарында өтеді. Білім беру желісінің қатысушылары арасында стартап-мектептер, бизнес-инкубаторлар, технопарктер, университеттер, технологиялық платформалар және инновациялық экожүйенің басқа да қатысушылары бар.

GenerationS серіктестік желісінің қатысушылар географиясы ауқымды: достастық алаңындағы 83 шара Ресейдің 41 қаласында өтеді, сонымен қатар 10 мемлекетті: АҚШ, Франция, Сингапур, Финляндия, БАӘ, Түркия, Сербия, Беларусь, Армения, Қазақстанды қамтиды.

Серіктестік желі ресурстары бірінше кезекте, GenerationS сапалы технологиялық стартаптардың қатысуы үшін керек. Серіктестер жобаларды іздеу мен алғашқы сараптау міндеттерін алады, осы ресурстарды салалық сарапшыларды қолдану арқылы талдайды. Іріктеуден өткен жобалар мен қатысушыларды оқыту бағдарламалары бірінші іріктеу кезеңіне қатыспай Предакселератор — GenerationS жалпы іріктеу бағдарламасына қатысу мүмкіндігін алады, ол акселераторда оқытудың бастапқы кезеңі болып табылады.

GenerationS желісінің шетелдік серіктестерінің ресурстары қатысушыларға мүдделі салаларда әлемдік инновацияны дамыту орталықтарында оқуға мүмкіндік береді.


iStartup.kz

iStartup.kz – тек қазақстандық емес, дүниежүзілік стартап индустриясының әр түрлі қызметін баяндау үшін жасалған платформа. Сайтта жолын жаңа бастап келе жатқан және табысты бизнеске айналған көптеген жобалар бар.

Жиі өзіміздің команда жасайтын оқиғалар желісінде үнемі бола тұрып, біз келермендерді әр түрлі инкубаторлар, конкурстар тағы басқа да стартап жобаларына пайдалы нәрселер туралы ақпаратпен таныстырамыз. Бұл жерде сондай-ақ стартап жобаларын жан-жақты дамытуға арналған талдамалық, шолулық және жай ғана назар аударуға тұрарлық мақалалар жинақталады.

Біздің жоба ұсынатын қаржылық және интеллектуалдық инвестициялар арқасында, біздің алаңда кез келген идея табысты бизнеске жол бастауға мүмкіндік алады, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған жоба да өзінің дамуын жалғастыра алады.

Егер Сіз стартаптың жас және бастамашыл авторы болсаңыз, перспективті жобалардың инвесторы болсаңыз, үлкен тәжірибелі сарапшы болсаңыз, немесе Сіздің бізге жай қызығушылығыңыз және айтарыңыз болса – біз осы алаңды сіздер сияқтыларға арнап жасадық.

Жалпы, бұл өзіне ешнарсе сұрамйтын, стартап бизнестің барлық қатысушыларының мүмкіндіктерін көбейтетін, өз айналасына саналы және бастамашыл, әлемді өзгертуге құштар адамдарды жинақтайтын механизм.

«Атамекен Стартап» қоғамдық қоры

«Атамекен Стартап» – «Атамекен» ҚҰЭП және Рақым Ошақбаевпен 2012 жылдың мамыр айында құрылған жастар кәсіпкерлігін насихаттайтын қоғамдық қор.

Жастар кәсіпкерлігі жобаларын қолдау қажеттігі жастардың көзалдында бизнесменнің жағымсыз беделімен түсіндіріледі: жастардың ойнша, кәсіпкерлік «ағалардың», «беделді туыстардың» көмегімен тез көтерілу мүмкіндігімен салыстырғанда ұтылып тұр. Жігіттер мен қыздар өздерін тек ұлттық компанияларда, министрліктер мен ведомстволарда ғана көреді. Тек бизнесте емес. Олар қандай мүмкіндіктерден айырылып отырғандарын сезінбейді де.

«Атамекен Стартап» қоры жастарды нақты істерді жүзеге асыруға, яғни бизнестің мәніне шақыруды дұрыс деп санайды. Елге жоспарлы түрде қазіргі жобалық технологиялармен жүзеге асырылатын жастар кәсіпкерлігін қолдаудың кешенді және жүйелі бағдарламасы керек. 2012 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Атамекен Стартап» ҚҚ бастамасы осының бір бөлігі бола алады.

«Атамекен Стартап» ҚҚ-ң мақсаты – Қазақстанда жастардың кәсіпкерлікке қатысуына, жас кәсіпкерлердің сапалы жаңа түрінің қалыптасуына ықпалын тигізетін институттар құру.

«Атамекен Стартап» ҚҚ-ң міндеттері :

  • кәсіпкерлік қызметті жастар арасында дәріптеу ;
  • кәсіпкерлік орта жасау ;
  • перспективті кәсіпкерлік идеяларды сұрыптау ;
  • кәсіби оқыту, жастардың бизнесті жүргізу қабілеттеріне ие болуы ;
  • жастардың бизнес-жобаларын іске асыруға әр түрлі қаржы қорларын тату.
Что такое «старт-ап»?

Стартап — компания с короткой историей операционной деятельности. Как правило, такие компании созданы недавно, находятся в стадии развития или исследования перспективных рынков. Также нужно отметить что хотя этот термин можно применять ко всем сферам деятельности, однако преимущественно он получил распространение в сфере IT и интернет проектов.

Жаңа инвесторлар
Кең тараған инвесторлар