Колл-центр(Тегін қоңырау шалу):
1408+7 (800) 080 18 90

Стартап-жобалардың «Startup «Bolashak» байқауы


2 маусымы аяқталды 

"Хабар" телеарнасында "Startup "Bolashak" реалити-шоудың екінші маусымының көрсетілімі аяқталды . Жалпы жүлде қоры 33 млн теңгені құрады, деп хабарлайды Қауымдастықтың баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, шарттарға сәйкес байқауға - 18-ден 29- ға дейінгі жастар, сонымен қатар саны 5 адамға дейін жобалық топтар қатысты.

Қатаң іріктеу қорытындысы бойынша конкурстық комиссия 2 752 өтінімдерді қарап 26 перспективалы бизнес-идеяларды таңдады. Олардың авторлары "Startup "Bolashak" жобасының екінші маусымына жолдама алды.

Реалити-шоу қатысушылары бизнесті жүргізу мектебін өтті, жаттықтырушылардың назарында алды өз жобаларын презентациялау дағдыларына үйренді.

Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаз және жүлдегер атанғандар:

"Үшкөл көлінің кебуін алдын алу арқылы акваөсіруді дамыту" жобасымен Назым Мұсабекова (Өтенай ауылы, Алматы облысы) І орын иеленді. Өзінің экологиялық жобасын дамытуға қатысушы 7 млн теңге алды.

Алматылық Диас Тастанбеков "Zertis Agro" Эко ферма 4.0" экологиялық таза өнім өсіруге арналған бизнес-идеясы үшін 2-орынды иеленіп, 6 млн. теңге алды.

Жезқазған қаласының тұрғыны Алексей Ли "Электроник" өскелең ұрпаққа арналған иннопаркі" стартап-идеясымен 3 орынмен 5 млн теңгені иеленді.

Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен БҰҰ Даму Бағдарламасының "Green "Startup" номинациясы бойынша әрқайсысы 5 млн теңге құрайтын 3 гранттың иегерлері анықталды. Олар Назым Мусабекова, Алексей Ли мен Нұргүл Сейтбекова " Қол жетімді. Ыңғайлы. Әдемі" жобасымен. Бұл жоба мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін бейімделген киімді өндіруді және сатуды көздейді.

Сонымен қатар, қазылар алқасы 15 миллион теңге көлеміндегі тікелей инвестициялармен перспективалы стартап-жобаларды қолдады.

Серікбай Бисекеев Ғалым Байтімбетовтың "AquaPoint" мектеп пен колледж оқушылары, жоғары оқу орындарының студенттері сапалы ауыз суға қол жеткізулеріне арналған стационарлық нүктелерді ұйымдастыру жобасын 3 млн теңгеге, ал Диас Тастанбековтың "ZertisAgro" 4.0 Эко фермасы" 2 млн. теңгеге инвестициялады.

Ералы Сауранбаев жас технологиялық кәсіпкер Алексей Лиге "Электроник" өскелең ұрпаққа арналған иннопаркі" жобасына 2 млн. теңге мөлшерінде инвестициялар ұсынды .

Ерлан Оспанов Диас Тастанбековтың жобасын ("ZertisAgro" 4.0 Эко фермасы") 2 млн. теңгеге инвестициялады.

Қайрат Құдайберген Алексей Лидің ("Электроник" өскелең ұрпаққа арналған иннопаркі") 3 млн. теңгеге және Диас Тастанбековтың ("ZertisAgro" 4.0 Эко фермасы") 2 млн. теңгеге инвестициялады.

Алмас Құдайберген Нұргүл Сейтбекованың жобасын ("Қол жетімді. Ыңғайлы. Әдемі" - мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін бейімделген киімді өндіру және сату) 1 млн теңгеге инвестициялады.

Осылайша, бизнес-жобалардың "Startup "Bolashak"тың 2 маусымының аясында қаржыландырудың жалпы сомасы 48 миллион теңге құрады.

2 маусымы басталды

4 наурыздан бастап «Хабар» арнасының эфирінде «Startup «Bolashak» байқауының екінші маусымы көрсетіле бастады.

Байқау өткен жылы шілде айында «Мемлекеттік құрылыстың 100 нақты қадамы» ұлт жоспары шеңберінде басталған.

Жалпы жүлде қоры 33 млн теңгені құрады. І орын – 7 млн теңге, ІІ орын – 6 млн теңге және ІІІ орын – 5 млн теңге бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін беріледі.

Байқау талаптарына сәйкес оған Қазақстанның барлық аймағынан 18-29 жас аралығындағы жастар және 5 дейін адамнан құралатын жобалық топтар қатысқан.

Барлығы 2752 өтініш келіп түскен. Оның ішінде ең кең таралған бағыттар: өңдеуші өнеркәсіп – 701 өтініш, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 310 өтініш, білім беру – 227 өтініш, ақпарат және байланыс -222 өтініш болды.

Байқау комиссиясының қатаң іріктеу қорытындысы бойынша 26 перспективалы бизнес-идеяға таңдау жасалды.

Олардың авторлары «Startup «Bolashak» реалити-шоуының екінші кезеңіне қатысады.

Реалити-шоу барысында қатысушылар бизнесті жүргізу мектебінде өз жобаларының тұсаукесерін бапкердің қадағалауымен жасауға үйренеді.

Финалға тек 12 үздік жоба өтетін болғандықтан грант алу үшін күрес аса тартысты болмақ.

Реалити-шоудың басты сәті – байқаудың қазылар алқасы – елдегі белгілі кәсіпкерлер алдында өздерінің бизнес жобаларын қорғау болмақ.

Тек үзідіктер ғана «Болашақ» ассоциациясы гранттарын иеленеді.

Сонымен қатар, жалпы сомасы 15 млн теңгені құрайтын «жасыл экономика» саласындағы стартаптарды жүзеге асыру бойынша Еуропалық одақтың қаржылық қолдауымен Қазақстандағы БҰҰДБ гранттары беріледі.

Қызықты жобалардың авторлары қазылар мүшелері – бизнесмендерден инвестиция алады.

Жобаның теленұсқасы «Хабар» анасында сенбі күні 16:30 беріледі.

Ұйымдастырушылар және серіктестер: «Болашақ» ассоцияциясы, «Даму» Қоры, Еуропалық одақтың қаржылық қолдауымен Қазақстандағы БҰҰДБ, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Жоба демеушісі:  «KazInvestBank»АҚ және «Qazaq Banki» АҚ.


«Болашақ» Қауымдастығының негізгі бағыттарының бірі кәсіпкерлік бастамаларды қолдау және жалпы жастар кәсіпкерлігін дамыту болып табылады. Қауымдастыңтың қабылданған 2017 жылға дейінгі даму стратегиясында жас бизнесмендердің бастамаларына ерекше назар аударылған. Осы жылы енді ғана істерін бастаған кәсіпкерлер мен жас мамандар үшін, олардың көшбасшылық дағдыларын дамыту және бизнес-әлеуеттерін жүзеге асыру мақсаттарында бірқатар ірі жобалар қолға алынатын болады.

2015 жылдың 20 шілдесі күні «Болашақ» қауымдастығы «Даму» Қорымен бірігіп, «Бәйтерек» Ходингінің қолдауымен «Startup «Bolashak байқауының басталғандыңын жариялады.

Байқауға Қазақстанның 18-29 жас аралығындағы барлық жас кәсіпкерлері қатыса алады. Стартап-жобалар байқауы «Болашақ» Қауымдастығының 3 грантын көздейді, I орын – 7 млн. теңге, II орын – 5 млн. теңге және ІІІ орын – 3 млн. теңге, сондай-ақ 10 млн. теңге – «BI Group» холдингі атынан берілетін гранттарын қарастырады. Мұнымен қоса, байқауға қатысушылар, қызықты идеялардың авторлары инвесторлар тарапынан қаржылық қолдауға ие болып,  «Даму» қорының құралдарын пайдалану арқылы төмен пайызбен несие, сондай-ақ Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігінің инновациялық гранттарын алу мүмкіндігіне қол жеткізе алады.

Әлеуметтік инвесторлар ретінде өз қатысуын «BI Group» холдингінің басшысы Айдын Рахымбаев, «Atasu Group of Companies» ЖШС бас директоры Марат Жұман, «Sheberbuild» ЖШС-нің қадағалау кеңесінің төрағасы Ералы Сауранбаев растады.

Байқауға қатысуға өтінімдер қабылдау 20 қыркүйекке дейін «Бәйтерек» холдингінің барлық өңірлік кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында қабылданады. Жеңімпаздардың аты-жөні 21 қарашада бизнес-жоспарлар марафонында белгілі болады.

Жалпы алғанда, «Startup «Bolashak» байқауы екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде қазылар алқасы 20 барынша қызықты бизнес-жобаларды таңдайды. Аталған идеялардың авторлары тренингтер мен білім беру семинарларынан өтеді. Екінші кезеңде комиссия 10 үздік жоба кеңесшілер мен кәсіби менторлардың қолдауымен бизнес-жоспарларды әзірлеуге кіріседі.

«Startup «Bolashak» байқауы барысын республикалық телеарналардың бірінен бақылауға болады, онда жобаны реалити-шоу форматында көрсету жоспарлануда.

«Болашақ» байқауының стартап-жобалар байқауы жастардың бизнес саласындағы бастамаларын қолдау құралдарының бірі ретінде Елбасының «100 нақты қадам» ұлттық жоспарын іске асыруға бағытталып отыр.

«Жастарымызға, егер сізде қызықты бизнес-идея мен табысты бизнесмен болуға құштарлық болса, онда «Startup «Bolashak» байқауына қатысыңыз деп айтқым келеді. Бұл істерін жаңа бастап келе жатқан кәсіпкерлер үшін өз жобасын ілгерілетуге, нақты бизнес-жоспар жасауға, инвесторлармен кездесуге және ең бастысы бизнесті бастауға қажетті капиталды алу үшін шынайы мүмкіндік», - дейді «Болашақ» қауымдастығы кеңесінің төрағасы Қуандық Бишімбаев.

Қосымша ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады: +7 7172 707 669 және www.bolashak.kz.

Что такое «старт-ап»?

Стартап — компания с короткой историей операционной деятельности. Как правило, такие компании созданы недавно, находятся в стадии развития или исследования перспективных рынков. Также нужно отметить что хотя этот термин можно применять ко всем сферам деятельности, однако преимущественно он получил распространение в сфере IT и интернет проектов.

Жаңа инвесторлар
Кең тараған инвесторлар