Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Старт-аптарды дамыту тәсілі


PRE - STARTUP кезеңі

  • Pre-seed (pre-seed stage) кезеңі
  • Seed ( seed stage) кезеңі
  • Прототип (prototype)
  • Жұмыс істейтін прототип (working prototype)
  • Жобаның не өнімнің альфа-нұсқасы (alpha)
  • Жобаның не өнімнің жабық бета-нұсқасы (private beta)
  • Жобаның не өнімнің ашық бета-нұсқасы (public beta)

Жобаны іске қосу немесе өнімді өндіріске шығару

  • Startup (startup stage) кезеңі
  • Іске қосу немесе ерте startup- кезеңі (launch, or early startup stage)
  • Алғашқы тұтынушылармен жұмыс істеу немесе кеш startup- кезеңі (first clients, or late startup stage)

POST STARTUP кезеңі

  • Өсу кезеңі (growth stage)
  • Кеңею кезеңі (expansion stage)
  • Шығу кезеңі (exit stage)
  • Pre-IPO stage (IPO ( Initial Public Offering ) өткізу арқылы немесе компанияның биржаға акцияларын бастапқы орналастыруы арқылы шыққан кезде )
  • IPO (IPO -ға шыққанда)

Стартап әрқашанда барлық кезеңдерден өте бермейді, кейде кейбір кезеңдерден аттап кетеді, бірақ осындай нақты классификация жеңілдетілгеннен әлдеқайда жақсырақ, себебі стартаптың қалай дамитыны туралы көрнекі түсінік береді.

Енді әр кезеңге қысқаша сипаттама береміз:

Pre - startup кезеңі : идеяның пайда болған уақытынан жобанынң эксплуатацияға енгізілген немесе өнімнің өндіріске шығарылған уақытына дейінгі кезеңнің атауы ;

Pre-seed кезеңі : нарық және тұтынушыларға не керек екені туралы білім бар, бірақ осы идеяны техникалық тұрғыдан (техникалық тапсырма) қалай жүзеге асыру туралы, ол кіріс әкелу үшін қалай дамыту туралы нақты түсінік жоқ, немесе бар, бірақ жалпы түрде;

Seed кезеңі : нарықты зерттеу, техникалық тапсырманы жасап, жүзеге асыру, бизнес-жоспар жасау, жасалған жобаны немесе өнімді тексеруден өткізу, жобаны іске қосуға дайындалу, алғашқы әлеуетті тұтынушылармен келіссөздер ;

Прототип: техникалық тапсырманы жасап, интерфейсті жобалау;

Работающий прототип: жалпы функционалмен жобаны немесе өнімді жасау;

Жобаның немесе өнімнің а льфа- нұсқасы : жоба немесе өнім жасалған, бірақ әлі тексеруден өтпеген, тексеру үстінде, немесе usability -тексеру үстінде, интерфейске ұсақ нәрселер әлі қосылуда, алғашқы әлеуетті тұтынушылармен келіссөздер басталады ;

Жобаның не өнімнің жабық бета : жоба немесе өнім стартаптың негізін қалаушылар көргісі келген түрге жақын түрде, жобаны байқап көруге және кемшіліктері жайлы хабарлауға стартап негізін қалаушылармен шақырылған жобаның алғашқы аз тұтынушылары пайда болады ;

Жобаның не өнімнің ашық бета-нұсқасы : осы жоба ұсынатын өнімнің не қызметтің өзіне қажеттілігін сезінген тұтынушыларды тарту, немесе әрдайым жаңа нәрсе іздейтін әуес тұтынушыларды тарту жиі инвайт (шақыру) жүйесі арқылы іске асады, тұтынушылар санын шектеу (500 немесе 5000), алғашқы тұтынушылармен нақты келісім-шарттар жасасады ;

Жобаны іске қосу немесе өнімді өндіріске шығару : атауы бәрін көрсетіп тұр ;

Startup стадия: әр стартаптың ең қиын-қыстау кезеңі – жобаны іске қосу кезеңі (ерте startup кезеңі ) және оның ең бастапқы жұмыс кезеңі ( кеш startup кезеңі ) ;

Өсу кезеңі : стартаптың жағдайы бастапқы мақсатты нарықта (яғни жұмысты бастауға ниет білдіріп, бизнес-жоспарда көрсеткен нарықта) тұрақты, және стартап сенімді түрде осы нарықта жоспарлаған үлесіне қол жеткізуге бара жатыр ;

Кеңею кезеңі жоба бастапқы мақсатты нарықта бизнес-жоспарды орындады немесе орындауға жақын, және басқа нарықтарға шығу арқылы кеңеюде. Бизнестің кеңеюі жеке де, басқа да ойыншыларды сатып алу арқылы да болады ;

Шығу кезеңі : Шығу деп бизнестен стартапқа алдыңғы кезедерде инвестиция салған венчурлық инвесторлардың толық және жартылай шығуын айтып тұрмыз. Шығу компанияны стартегиялық серіктестерге сату арқылы, IPO шығу (биржада компания акцияларының алғаш сатылуы) және жеке орналастыру (компания акцияларын тікелей инвестициялар қорына сату) арқылы орындалады. Венчурлық қорлар тек тез өсетін жас бизнеске ғана инвестиция салады, бірақ, шығу кезеңіне келгенде компания бизнесінің өсуі алдыңғы кезеңдерге қарағанда бәсеңдейді, бірақ бизнестің өзі тұрақты болады. Стартаптан инвесторлар мен негізін қалаушылардың шығуының тағы бір жолы бар – ол банкроттық жариялап, бизнесті тоқтату, дегенмен Сізде мұндай шығыс болмайды деп үміттенеміз.

Что такое «старт-ап»?

Стартап — компания с короткой историей операционной деятельности. Как правило, такие компании созданы недавно, находятся в стадии развития или исследования перспективных рынков. Также нужно отметить что хотя этот термин можно применять ко всем сферам деятельности, однако преимущественно он получил распространение в сфере IT и интернет проектов.

Жаңа инвесторлар
Кең тараған инвесторлар