Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

AIESEC Қазақстан


Қазіргі таңда әлем халқының саны 7 млрд. Асады, 2050 жылға дейін тағы 33% өседі. Халықтың жартысынан көбі 25 жастан жас. Y әулеті басқа өмірде болған этникалық әр түрлі әулеттен көбірек, өзінің алдындағыдан (X әулеті) кемінде 3 есе көп.

AIESEC әлемді адамдардың мәдени, діни және басқа да айырмашылықтары аспектілері үшін туындайтын қақтығыссыз көреді. Қоғамдағы жағымды өзгерістердің негіздемесі адамдар екендігін біздің іргелі сеніміміз екендігін баса айтамыз.

AIESEC жоғары әлеуеті бар жас адамдарды жаһандық ауқымда ойлайтын жауапкершілігі мол көшбасшыларға айналдыруда 60 жылдан астам тәжірибесі бар. AIESEC 110-нан астам елде 60 000-нан астам мүшелері бар ірі халықаралық жастар ұйымы.

Жастардың көшбасшылық әлеуетін дамыту платформасын беруге бағытталған AIESEC жастарға халықаралық тсажировка бағдарламаларына қатысуға, көшбасшылық тәжірибе алуға, жаһандық оқу ортасына қатысуға мүмкіндің береді. Ұйым мүшелеріне қоғамға жағымды үлес қосу тәжірибесін беру – AIESEC-ті осы күнге дейін бірегей ететін нәрсе. Жастармен жжастар үшін құрылған ұйым бола тұрып, AIESEC барлық қатысушыларға бірегей тәжірибе ұсынады.

Біздің ұйымның мүшелері – жаһандық бірлестіктің бір бөлігі. Олар қоғамға жағымды үлес қосу тәсілін ойластыру барысында әлеуметтік өзгерістерге ықпалын тигізеді. Бізді жастардың дамуына және біздің халықаралық стажировкалар бағдарламамыз арқылы ең жақсы таланттарға қол жеткізуге қызығушылық танытып отырған мыңдаған серіктес ұйымдар қолдайды. Біздің түлектеріміз – өз ұйымдары мен бірлестіктерінің көшбасшылары. Олар қазіргі қоғамдағы жағымды өзгерістердің себепшісі болу үшін AIESEC бар тәжірибесін, қабілеттері мен шабыттарын пайдаланады.

Қазіргі таңда AIESEC санмен көрсетсек:

· 110 ел мен аймақтар;

· 730 жергілікті кеңселер;

· 2100 университет ;

· 60.000 ұйым мүшелері ;

· 16.000 стажиров ка ;

· 20.000 көшбасшы деңгейі ;

· 4.000 серіктес пен қолдаушы ;

· 470 жыл сайынғы конференциялар ;

· 945.000 түлек ;

. 60 жылдық тәжірибе .

AIESEC -ң құрылтайшылары ұйымды құруды 1946 – 1948 жылдар аралығында бастаған, бірақ нақты бағыт пен міндеттері Стокгольде 1949 жылы өткен Халықаралық конгрессте жасалды.

AIESEC (от фр. Association International des Etudientes en Science Economique et Commercial; қазір бұл атау қолданылмайды, тек қысқарған түрде қалған ) міндеті – « е лдер мен халықтар арасындағы достық қарым-қатынастарды дамыту» . Осы мақсатқа жетудің басты құралы болып халықаралық студенттер алмасу танылды. Ұйымның халықаралық, мемлекеттік емес, коммерциялық емес, саяси емес дәрежесі анықталды.

Бельгия, Дания, Финляндия, Франция, Голландия, Норвегия және Швеция өкілдері құрылтайшы құжаттарға өз қолдарын қойды. 1949 жылдан бастап AIESEC тез қарқынмен дамыды: 100 аса елдер қауымдастықтың мүшесі болды, жылына 500 аса халықаралық стажировкалар өткізілді.

AIESEC Қазақстанда 1989 жылы Алматыда Жергілікті комитет құрылғалы бері жұмыс істейді. Алғашында Алматыдағы өкілдік Кеңес Одағының AIESEC құрамына кірді. 1992 жылы Ресей, Беларусь және Қазақстан AIESEC бірлестігі құрылды.

AIESEC -ң алғашқы халықаралық стажерлары Қазақстанға 1990 жылдардың басында келді. Алматыдағы AIESEC халықаралық стажировкалар бағдарламасымен бірге бірнеше жыл бойы бизнес, басқару, әлеуметтік мәселелер тақырыбында жобалар ұйымдастырды.

2006 жылы бірлестік ұлттық деңгейде AIESEC Р есей мен Қазақстан болып қайта құрылды. Осы жылдан бастап AIESEC Қазақстанның өздігінен жұмыс істеуіне дайындық басталды.

2007 жылдың ақпан айында жеке AIESEC Қазақстан құрылды. 2007 жылдың шілде айынан бастап AIESEC Қазақстанның Ұлттық Комитеті жұмыс істейді.

Осыдан кейін Қазақстанның басқа университеттік қалаларында AIESEC -тің өкілдіктерін ашу бойынша белсенді жұмыс басталды. 2007 жылдың күзінен бастап AIESEC-ң бастама топтары Астана, Өскемен қалаларында жұмыс істейді. 2008 жылдан бастап Палодарда, 2009 жылдан бастап Қарағандыда бастама топ жұмыс істейді. Сонымен қатар, 2011 жылдың қаңтар айынан бастап AIESEC қалаларына Тараз бен Орал қалалары қосылды.

Қазіргі таңда Ақтобе және Семей қалаларында өкілдік ашу туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр.

AIESEC -тің халықаралық құрылымына сәйкес барлық бөлімшелер Жергілікті комитеттерге бөлінеді, олардың қызметін Ұлттық комитеттер (Member Committee) үйлестіреді. 17 жыл қызмет істеген жылдар бойы Қазақстандағы AIESEC-ң қызметін Мәскеудегі AIESEC Ресей-Қазақстан Ұлттық комитеті үйлестіріп келді.2007 жылдың басында халықаралық деңгейде ұйымның Қазақстандағы тәуелсіз бөлімшесін құру туралы шешім қабылданды, AIESEC Қазақстан Ұлттық комитетінің тарихы осылай басталады. AIESEC Қазақстан бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан.

AIESEC Қазақстан 6 жыл бойы құрамына 7 қала кіретін тәуелсіз Ұлттық комитет ретінде сәтті қызмет етіп келеді.

Көшбасшылықты дамыту

Біз көшбасшылық қасиеттерді көрсете отырып, адамдарды өз өнегемізбен, әрекетімізбен, нәтижелерімізбе шабыттандырамыз.

Тұтастық

Біз өз шешімдеріміз бен амалдарымызда дәйектіміз. Біз өз міндеттемелерімізді орындап, өзімізді өмірлік қағидаттарымызға сәйкес ұстаймыз.

Әртүрлілік

Біз өмірді оның әр түрлі қырынан танып, оған біздің адуан түрлі мәдениетті әлемімізде бар әртүрлі көзқараспен қарағымыз келеді.

Жұмысқа сүйсіну

Біз біздің ұйым мүшелері өздерінің белсенді қатысуымен жасайтын серпінді ортада жұмыс істейміз. Бізге жасайтын жұмысымыздан рақат аламыз, бізге айналысатын шаруамыз ұнайды, бізге AIESEC-те болған ұнайды.

Мінсіздікке талпыну

Біз бәрін барынша жақсы жасауға тырысамыз. Кереативтік инновациялық әдісіміздің арқасында біз жұмысымыздың сапасын жоғарылатамыз.

Болашақ үшін жауапкершілік

Өз әрекеттерімізбен біз ұйымды ғана емес, жалпы қоғамды да қолдаймыз. Шешім қабылдар кезде біз келешек буынның қажеттіліктері туралы ойлаймыз.

AIESEC Қ аза қ стан бас кеңсесі

Қ аза қ стан Республика сы
Алматы қ., 050010
Т ө ле би к. , 42, 2 кеңсе
тел.: +7 (727) 291 55 50

email: ola.sawicka@aiesec.net



Назад