Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Enactus Қазақстан


Enactus – белсенді студенттерді, академиялық және іскер көшбасшыларды бірлестіретін халықаралық коммерциялық емес ұйым. Олар бірлесіп мұқтаж адамдардың өмір деңгейі мен сапасын жақсарту үшін кәсіпкерлік тәсілді қолданады. Enactus студентеррі бизнес-көшбасшының қолауын алған соң, дүние жүзінің түкпір-түкпірінде жобаларын жасап, жүзеге асырады. Жобаларды жүзеге асыру барысында алынған тәжірибе тек адамдардың өмірін өзгертіп қана қоймай, студенттерге нағыз көшбасшы болуға көмектеседі.

Enactus командалары адамдардың өмір деңгейі мен сапасын жақсартуға бағытталған өз жобаларын жасап, жүзеге асырады.

Командалар жобалардың ауқымы мен сандарын, бағыттары мен жүзеге асыру мерзімдерін өздері таңдайды.

Enactus жобалары пайда әкелетін коммерциялық та, әлеуметтік те бола алады.

Командалар өз жобаларын оқытушы-куратор мен бизнес-кеңесшілердің (кәсіпкерлер, жергілікті бизнестің көшбасшылары) көмегіне сүйене отырып жүзеге асырады.

Аяқталған жобалардың нәтижелері жыл сайынғы аймақтық, ұлттық, әлемдік конкурстарда бағаланады.

Enactus-қа 2013 жылы 40 елдің 1600 университетінің 62 000 астам студенттері қатысуда.

Қазақстанда 45 ЖОО, 1 200 студент , 67 жоба , 51 426 волонтер лік жұмыс сағаты.

Барлық ұлттық Enactus чемпионаттарының жеңімпаздары жыл сайын Enactus World Cup Әлемдік Кубогында кездеседі.

Enactus 2012 Әлемдік Кубогының Әділ-қазылар алқасы мүшелері халықаралық корпорациялардың 700-ден астам басшылары болды. 2012 жылдық Әлемдік кубоктың финалдық раундының әділ-қазылар алқасы жұмысына әлемнің жетекші компанияларының 90 аса басшылары қатысты.

Әлемнің KPMG, Ernst & Young, Walmart, Metro, Dell, Microsoft, Henkel, Procter&Gamble, Unilever, HSBC, UMB Bank, Danone, Nestle, BIC, Energizer, PepsiCo, Coca-Cola (барлығы 350-ден астам халықаралық корпорациялар ) сияқты жетекші компаниялары бағдарламаның дамуын белсенді қолдайтын Enactus-тың серіктестері.

Мекенжай : Алматы қ. ,
Әйтеке би к. , 187,
Байзақов к. Қ., 322 кеңсе
Телефон: +7 727 3911264

e-mail: info@enactus.kz

http://www.enactus.kz



Назад