Колл-центр(Тегін қоңырау шалу):
1408+7 (800) 080 18 90

Қазақстанның жас кәсіпкерлер клубы


Біздің міндетіміз – Қазақстанды экономикалық өсу мен гүлденуге бастауда басты рольді атқаратын, нарықта көшбасшы болатын компаниялар құратын үздік кәсіпкерлердің жаңа буынын өсіру.

2012 жылы кәсіпкерліктің жаһандық апталығын өткізгеннен кейін, 2013 жылдың қаңтар айында біз Қазақстанның жас кәсіпкерлер клубын ашуды ұйғардық, себебі жастар арасындағы өз ісін ашып, дамытуға деген үлкен қызығушылықты байқадық. Біз жыл ішінде бір ғана аптамен жастарға шындап көмектесе алмайтынызды түсіндік, сондықтан да клуб алғашынан-ақ жас және жаңа кәсіпкерлерге тұрақты қолдау көрсету үшін құрылды.

Осы уақыт ішінде біз 20-дан аса жаңа бизнесті іске қосуға көмектескенімізді мақтан тұтамыз және тағы 30-дан аса жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер өздерінің бизнес көсеткіштерін жақсартты: инвесторлар тартты, серіктестер тапты, клубтың жұмысы нәтижесінде бұқара қауымға танымал болды..

Кәсіпкерлермен күнделікті жұмыс нәтижесінде, біз кәсіпкерлердің мәселелерін тереңірек біле бастадық, кәсіпкерлерге өз ісін аз шығыспен жүзеге асыру үшін барлық бағалы және пайдалы білімді беруге мүмкіндік ашатын семинарлар, тренингтердің әр түрлі форматымен тәжірибе жасадық.

Осы уақыт аралығында біз БАҚ-да жастар кәсіпкерлігі тақырыбын белсенді баяндап келдік. Біздің қызметіміз туралы материалдар Хабар, Білім, 24 KZ каналдарында көрсетілді, біздің түсініктемелеріміз, зерттеулеріміз, іс-шараларымыз туралы ақпарат Қазақстанның бас Forbes, Литер, Бизнес и Власть, Алау, Курсив, Капитал, Эксперт Казахстан басылымдарында жарияланды.

Біз әлеуметтік желілерде белсенді қызмет атқарамыз, бүгігі күні Фейсбукта жалпы саны 80000-нан аса адамды қамтитын 1000-нан аса жазылушыларымыз бар. Соңғы , ай ішінде біздің тұрақты шараларымызға қатысушылардың саны 8,5 есе көбейіп, жазылушылар саны 3180 адамға жетті, ал Google іздес жүйесінде біздің клубты атау 131000 жетті.

Біз бірқатар хлықаралық ұйымдармен тығыз байланыс орнаттық, біз өз қызметімізде халықаралық жетекші тәжірибе мен зерттеулерді пайдаланамыз. Осылайша, Youth Business International көмегімен менторлық (тәлімгерлік) институтын енгізіп жатырмыз. Бұл – жас кәсіпкерлерге бизнесті құру және жетілдіру сұрақтарындаға білімдерін көбейтіп, қабілеттерін дамытуға көрсетілетін жеке көмек түрі. Клуб жергілікті іскерлік қауым өкілдерінің санатынан тәлімгерлер жүйесін құру үстінде. Осылайша 2011 жылдан бастап Кәсіпкерліктің жаһандық апталығына біз белсенді түрде тартып келген ірі кәсіпкерлер осы бастаманы белсенді қолдап, жас кәсіпкерлерге тәлімгер болу дайындыған байқатты.

Көптеген зерттеулер стартап командалары тәлімгерлері жоқ командалардан 50 пайызға табыстырақ екенін растайды. Сонымен қатар, инвестиция тарту мүмкіндігі де бірнеше есе жоғарырақ. Біз осы шара жаңа және жас кәсіпкерлердің 2 басты мәселесімен – кепілдік және активтердің жоқтығы, басқару біліктілігінің жоқтығымен күресуге мүмкіндік береді деп санаймыз. Сонымен қатар, біз 3-ші рет өтетін және ауқымды, қызықты, тиімді болатын Қазақстандағы Кәсіпкерліктің жаһандық апталығына дайындық жүргізудеміз.

Алматы қ. , Гогол ь к. , 111 үй , 518/519 кеңселер

8 (727) 3 177 155 | 8 (707) 9 177 155

8 (701) 526 88 53 Павел Коктышев

8 (701) 255 66 20 Зинаида Пак

youngbiz.kz@gmail.com

koktyshev@gmail.com , zinaida.pak@gmail.com

facebook facebook.com/youngbiz.kz | vkontakte vk.com/youngbizkz | tweet twitter.com/YoungBizKz

Назад