Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Қазақстанның жас кәсіпкерлері қауымдастығы


Қазақстанның жас кәсіпкерлері қауымдастығы 2011 жылы жас кәсіпкерлер мен кәсіпкер болуға ниеті бар жастардың қызметін үйлестіру, олардың қызметіне қолайлы жағдай жасау, жастардың проблемаларын бірлесіп шешу, кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту және ашықтылықты насихаттау масқатында құрылған.

Қауымдастықтың басты міндеті – қоғамның белсенді тобы болып табылатын, және экономикалық күшті, әлеуметтік басекелестікке сай Қазақстанды құруға зор әлеуеті бар жастарды бизнеске тарту.

Қауымдастықтың пайда болу астарында жастар кәсіпкерлігінің өзектілігі мен тиімділігі жатыр, қауымдастық Қазақстанда жастар кәсіпкерлігін ары қарай дамытудың өмірлік бастамаларын тұрақты түрде іздестіреді.

Қазақстанның жас кәсіпкерлері қауымдастығы «АТАМЕКЕН» одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасының мүшесі болып табылады.

Қауымдастық Қазақстанның жас кәсіпкерлері бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болып, жаңа нарықтарды ашып, оларлды игеріп, тәжірибе алмасып, қойылған міндеттерді бірлесе орындауы керек деп санайды.

Сондықтан да қауымдастық барлық тілек білдірушілерді (35 жасқа дейінгі) жалпыға бірдей игілікке апаратын бастамаларды орындау үшін бәсекелестікке қабілеті бар іскерлік бірлестіктің толыққанды мүшесі болуға шақырады.
Қауымдастық барлық тілек білдірушілерді мүшелікке 2012-2013 жылдары бойы тегін қабылдайды.

010000, Астана қ. , Абая к., 47, Рамада Плаза Астана, 703-704 кеңселер

тел/факс: 8(71 72) 39 07 20

www.jkk.kz

e-mail.: kazjkk@gmail.com



Назад