Колл-центр(Тегін қоңырау шалу):
1408+7 (800) 080 18 90

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес


Кеңестің миссиясы

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес – мемлекеттің жастар саясатын тұжырымдауға жас адамдардың шынайы қатысу тетігі. Кеңес жастарға қатысты маңызды мемлекеттік шешімдерді қабылдау кезінде жастардың дауысын есту үшін құрылды. Ол жас адамдарға еліміздің болашағын, өз болашағын қалыптастыру үдерісіне қатысуға мүмкіндік береді.

Кеңес қалай жұмыс істейді?

Кеңестің әр отырысы нақты тақырыпқа арналады, ол Кеңес мүшелерінің, еліміздің қоғам мен мемлекеттік органдар өкілдерінің ұсыныстары негізінде қалыптасады.

Отырыс кезінде тақырыпты ашық талқылау өтеді және оның қорытындысы бойынша кеңес мүшелері тәжірибелік ұсынымдар әзірлейді.

Талқыланатын мәселелердің тізіміне байланысты Кеңестің отырысына Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік атқарушы органдардың, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ ғалымдар мен тәуелсіз сарапшылар шақырылып отырады.

Кеңестің шешімдері хаттамаға түсіріліп, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына қарауға жіберіледі. Жұмыс қорытындысы жөнінде Кеңестің төрағасы тұрақты түрде Қазақстан Республикасының Президентіне есеп береді.

Біраз ресми ақпарат

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Мемлекет басшысының 2008 жылғы 1 шілдедегі № 625 Жарлығымен құрылды.

Кеңестің негізгі міндеттері:

  • жастарға қатысты кешендi мемлекеттiк саясаттың басым бағыттарын анықтау, оны қалыптастыру және iске асыру жөнiнде ұсынымдар тұжырымдау;мемлекет саясатының жастарға қатысты өзге де маңызды сұрақтарын талқылау.

Қазақстан Республикасының Президентiн жастар арасындағы ахуал туралы хабардар етiп отыру;

  • мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру тиiмдiлiгiне талдау жасау;
  • мемлекет саясатының жастарға қатысты өзге де маңызды сұрақтарын талқылау.

Кеңестің функциялары:


1) Мемлекет басшысына мемлекеттiк жастар саясатын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;

2) жастар саясаты мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын қарап, талқылайды, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жастар мәселелерi жөнiндегi ресми құжаттарын дайындауға қатысады;

3)мемлекеттiк органдардың, жұртшылықтың, үкiметтiк емес ұйымдардың, саяси партиялардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерiн елдiң жастар саясаты саласын қозғайтын мәселелерiн талқылауға тартады;

4) жастармен жұмыс барысында туындаған мәселелердi шешуде орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға консультативтiк көмек көрсетедi;

5) белгiленген тәртiппен мемлекеттiк билiк органдарымен, үкiметтiк емес ұйымдармен, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара iс-қимыл жасайды;

6) жастар саясаты мәселелерi бойынша халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықта болады.

Кеңес өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін:

1) Кеңес құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша мемлекеттiк органдардан және лауазымды тұлғалардан қажеттi ақпаратты, құжаттарды, өзге де материалдар мен мәлiметтердi сұратуға және алуға;

2)өз отырыстарында орталық және жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының жастар саясаты мәселелерi жөнiндегi ақпаратын тыңдауға;

3)мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың жастар саясаты мәселелерi жөнiндегi жұмысын зерделеуге, талдауға, қорытындысын жинақтауға; осы мақсатта орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, шығармашылық, ғылыми ұйымдардың және оқу орындарының мамандарын тартуға;

4) ғылыми мекемелердiң, бiлiм беру ұйымдарының және үкiметтiк емес ұйымдардың қоғамдық негiзде жұмыс iстейтiн өкiлдерiнен:

сарапшылық диалогтық алаңдарды;

Кеңес құзыретiне кiретiн жекелеген мәселелердi қарау үшiн жұмыс топтарын құруға;

5) жастар саясатын iске асыруға байланысты мәселелердi талқылау үшiн Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердiң, сондай-ақ өзге де мемлекеттердiң ұқсас құрылымдарымен ынтымақтастықта болуға құқылы.

Кеңестің қызметiн ұйымдастыру:

  • Кеңестің басшылығын оның төрағасы - Ғ.Р.Әбдірахымов жүзеге асырады.
  • Кеңестiң жеке құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекiтедi.
  • Кеңестің құрамы орталық мемлекеттік органдардың, республикалық және өңiрлiк деңгейдегі азаматтық қоғам институттары мен қоғам өкiлдерi қатарынан үш жыл мерзімге құрылады.
  • Кеңестің отырыстары қажеттiгiне қарай, бірақ кемінде бір жылда бір рет, оның мүшелерiнiң кемінде жартысы қатысқанда өткізіледі, Кеңестің жұмысы ағымдағы және перспективадағы жоспарлар негізінде іске асады. Кеңестің жұмыс жоспарын Кеңес мүшелерінің пікірін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ұсыныстарын ескере отырып, төраға бекітеді.
  • Кеңестің шешiмдерi оның отырысына қатысқандар санының кемінде үштен екiсiнiң даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
  • Төрағаның шешiмi бойынша Кеңестің отырыстарына Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың, үкiметтiк емес ұйымдардың Кеңестің құрамына кiрмейтiн өкiлдерi, ғалымдар мен тәуелсiз сарапшылар шақырыла алады. Кеңес отырысына шақырылған адамдар дауыс беруге қатыспайды.
  • Кеңестің шешiмдерi Төраға қол қоятын хаттамаларда ресiмделедi, олар мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жіберіледі.
  • Кеңестiң жұмыс органы Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі болып табылады, ол Кеңестің отырыстарына хаттамаларды және басқа да қажетті материалдарды дайындайды және белгіленген тәртіпте Кеңестің қабылдаған шешімдерінің орындалуына бақылауды қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңесінің хатшылығы

010 000, Астана қ.

Водно-зеленый бульвар, Қонаев к. 12/2, 1 кіреберіс, ВП30

Тел.:7(7172)755 185

Email : info@zhaskenes.kz

http://zhaskenes.kz



Назад