Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Қазақстан мейманханалары және мейрамханалары ассоциациясы


ҚМжМА – ҚР мейманхана кешендерін, халықаралық мейманханалық желілерінің өкілдіктерін, мейманханалық индустрияның жеткізушілерін, «Мейманхана және Мейрамхана: бизнес және басқару» тәрізді БАҚ-н, қызмет көрсету факультеттері бар ЖОО, колледждерді біріктіретін коммерциялық емес, үкіметтік емес ұйым.
1998 жылы құрылған.
ҚМжМА  ҚР Индустрия және жаңа технологиялар Министрлігінің Туризм индустрия комитетінің, ҚР Өңірлік даму министрлігінің, ҚР  ұлттық кәсіпкерлер палатасының жанында аккредиттелген.  ҚМжМА ҚР Үкіметімен, ҚР статистика жөнінде агенттігімен, ҚР Білім және ғылым  министрлігімен, ҚР Әділет министрлігімен жұмыс істейді, Ассоциация мүшелерінің мүдделерін қорғайды, Қазақстанда мейманхана индустриясын ұлттық экономиканың тауашасы ретінде лоббилендіреді және ілгерілетеді.
ҚМжМА Қазақстанның мейманханалық саласында сарапшы болып табылады, болжам, мейманхана нарығының даму үрдісін береді.
ҚМжМА маңызды міндеті: ҚАЗАҚСТАНДА ӨРКЕНИЕТТІ МЕЙМАНХАНА НАРЫҒЫН ҚҰРУ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.
ҚМжМА қызметінің негізгі бағыттары:
•Мейманханалық саланың мүдделерін лоббилендіру.
•Ассоциация мүшелерінің мүдделерін қорғау бойынша ҚР үкіметтік ведомстваларымен жұмыс істеу.
•ҚМжМА мүшелері – мейманханаларында шетел азаматтарын тіркеу пункттерін ашу.
•Мейманханалық бизнес бойынша ақпараттық банк (заңдар, кітаптар, стандарттар, бланктер және с.с.).
•ҚМжМА  консультациялық-зерттеу орталығы (маркетингтік зерттеулер, нарық үрдістері).
•ҚМжМА бас директорларының клубы (өзекті тақырыптарды талқылау).
•ҚМжМА білім беру орталығы (тренингтер, оқыту).
•ҚМжМА  кадрлық агенттігі (кадрларды іріктеу).
•Ассоциация мүшелерінің маркетингі, жарнамасы (сайтта және «КТА және ҚМжМА Жаршысы» электрондық газетте арнайы ұсыныстарды орналастыру).
•Кәсіби журналдарға жазылу (Мейманхана және Мейрамхана: бизнес және басқару, Мейманхана және Мейрамхана: дизайн және интерьер, 5 жұлдыз және басқалары).
•Семинарларды, шеберлік сабақтарын, кездесулерді, инфотурларды өткізу.
•Ассоциация мүшелеріне жеңілдіктер және преференциялар.
Қосымша ақпарат алу үшін Сіз ҚМжМА кеңсесіне жүгіне аласыз.


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 363.22
  • EUR Евро 413.42
  • CNY Кит. юань 52.78
  • RUB Рос. рубль 5.35
  • GBP Англ. фунт 463.03

Доска объявлений