Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Қазақстандық автобизнес Ассоциациясы (ҚАБА)


Қазақстандық автобизнес  Ассоциациясы (ҚАБА) – 2010 жылы ресми диллерлердің, импорттаушылардың, дистрибьюторлардың және Қазақстанның автомобиль нарығының ұлттық өндірушілерінің ерікті кәсіби бірлестігі ретінде құрылған коммерциялық емес ұйым.
ҚАБА қызметінің негізгі бағыттары:
•ең жақсы әлемдік стандарттарды негізге алып,  Қазақстанда ресми дилерлік институтының жүйесі мен механизмдерін құру;
•отандық автомобиль өнеркәсібінің дамуына ықпал ету;
•халықаралық және қазақстандық бизнес-қауымдастықтарда ҚР автомобиль саласының қатысушыларының мүддесіне өкілдік ететін беделді ұйым құру;
•автомобильдік сала мен ҚР байланысты салаларының мәселелері бойынша толығырақ ақпараттық базаны құру;
•қоғамдық пікірді реттеудің нәтижелі құралын құру (БАҚ-мен жұмыс және салалық жобаларды, ҚАБА мүшелерінің компаниясы және саланың басқа өкілдерін қолдау).
Ассоциацияның құрамы:
Қазіргі уақытта автомобиль бизнесі саласындағы 30-дан аса ірі және шағын ұйымдар Ассоциацияның мүшелері болып табылады. Олардың ішінде  «Астана Моторс» КМК, «Астана Моторс» КМК автомобиль компанияларының тобы,  «АГРОМАШХОЛДИНГ» АҚ, «Allur Group» ЖШС, Mercur Auto, MAN Truck & Bus Kazakhstan, Hуundai Center Almaty, Neocar, Novline Kazakhstan, Subaru Center Almaty, Toyota Center Almaty, А-Motors Auto, Бавария - Автоорталығы, «Hyundai AutoTrans» ЖШС, «СарыАркаАвтопром» ЖШС, «СВС-ТРАНС» ЖШС, «Автомир Мотор Каз» ЖШС, «Caspian Motors» ЖШС (RMA Kazakhstan) тәрізді ірі автомобиль компаниялары және басқалары.
Нақты мүшелерден басқа, ассоциацияның құрамына қауымдастырылған мүшелер  – қаржылық және консалтингтік компаниялар, жабдықтарды жеткізушілер, бұқаралық ақпарат құралдары кіреді.
ҚАБА басқару
ҚАБА құрылымында Ассоциация мүшелерінің  жалпы жиналысы басқарушы орган болып табылады. Атқарушы органның рөлі ҚАБА президентіне жүктелген. Бақылау қызметін тексеру комиссиясы орындайды. Ассоциацияның президенті мен ревизиялық комиссияның мүшелері жалпы жиналыспен сайланады.
Ынтымақтастық
ҚАБА үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдармен, дамыту институттарымен  («Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасымен, Қазақстандық индустрия дамыту институтымен  (ҚИДИ), шетел бірлестіктерімен («Ресейлік автомобиль дилерлері» Ассоциациясымен» (РЕАД), Автомобиль импорттаушылары мен дилерлерінің бүкілукраиналық ассоциациасымен (АИДБА) және Белорустық автомобиль ассоциациасымен (БАА)  серіктестіктің тығыз дәнекерімен байланысты.
Ынтымақтастық ассоциациясы Қазақстанның 29 қаласының 120-дан аса ресми дилерлік орталықтарымен ынтымақтасады, оның шеңберінде серіктестік бағдарламалар мен ақпараттық алмасу жүзеге асырылады.
Ассоциацияға кірудің артықшылығы
1. Мүдделерді қорғау
Ассоциация мемлекеттік органдардың алдында өз қатысушыларының мүдделерін қорғауды ұйымдастырады, кәсіпкерліктің отандық субъектілерінің мүдделерін қорғайды және салалық нормативті-құқықтық базаға өзгеріс және толықтыру енгізуге қатысуға мүмкіндік береді. Ассоциация «Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасының мүшесі болып табылады және жеке кәсіпкерліктің мүддесін қорғайтын, Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінде  нормативті-құқықтық актілердің жобаларының сараптамасын өткізу құқығына (Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңес қызметінің шеңберінде) аккредиттелген. Кері байланыс механизмі нарық қатысушыларының мүдделеріне қатысты заңдар мен ережелерді өзгертетін  қандай да бір құжаттың жобасы жөнінде ҚАБА қатысушыларының пікірін сұрастыруды білдіреді және әрі қарай қарастырылуға үкіметтік органдарға жіберілетін шоғырландырылған жауап қалыптасады, олар кейін осы пікірді өздерінің қызметінде ескереді. Сонымен қатар, ҚАБА қатысушыларының мүдделерін қорғап және олардың пікірлерін жариялап, ҚАБА Қазақстан мен Кедендің одақтың ақпараттық алаңдарында белсенді қызмет атқарады.
2. Артықшылықтар
Ассоциацияның мүшелері  маңызды бөлігі Ассоциацияның ағымдағы қызметінің мәселелерін шешу ғана емес, сонымен қатар әріптестер арасындағы формалды емес қатынас болып табылатын, Ассоциациамен ұйымдастырылатын іс-шараларға тегін қатысады (көрмелерге, конференцияларға, семинарларға және басқаларына).
3. Кәсіби қатынас
Ассоциацияның мүшелері Ассоциацианың ішінде таратылатын ақпараттарға тікелей қолжеткізілімге ие (жаңалықтар, заңнамалық базада жоспарланатын өзгерістер, қызықты мақалаларға сілтемелер, жоспарланатын оқиғаларға шақырулар) және өз ақпараттарын хабарлау үшін ішкі таратуды қолдана алады.
4. Брендинг
Ассоциацияның мүшелері қосымша маркетингтік құралды және танымал «Қазақстан АвтоБизнес Ассоциациясы» брендін қолдану құқығын  алады. Компания туралы ақпарат Ассоциацианың сайтында, барлық көрмелік және жарнамалық сипаттағы ақпараттың көпшілік тасымалдаушыларында  орналастырылады (баннерлер, буклеттер, парақшалар, кітаптар және басқалары.).
5. Маркетингтік құралдар мен аналитиканы дамыту
Ассоциацияға кіру компанияға Қазақстанның автомобиль саласының күйі жөнінде ақпарат алуға және жүгінуге құқық береді. Аналитикалық сипаттағы қызметтерге оперативті жеке зерттеулер және бағалау, болжау (қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді), компания есептерін әзірлеудегі және инвестициялық жобалардың шеңберіндегі, сатып алуларды жоспарлаудағы, өндірістік процестердегі көмек, статистикалық мәліметтердің базаларымен жұмыс істегенде кеңестер мен оқыту, ситуациялық талдау кіреді. Қазіргі уақытта ҚАБА зерттеу базасы сала бойынша 700 аса түрлі есептерден, шолулардан және жұмыстардан тұрады. Ассоциация аналитигінің оперативті көмегінің пішімі, жоғарыда көрсетілген категорияларға қатысты кез келген сұраныс бойынша 1 ден 3 тәулікке дейін мерзім ішінде жауап беруді ұйғарады.
6. Шетелдің іскери топтарымен байланыстар
Ассоциация Ассоциацияның мүшелерін,  шетел бизнесінің және жеке компаниялардың өкілдерінің делегацияларының кездесулеріне қатыса алатыны туралы ақпараттандырады.
7. Халықаралық ынтымақтастық
Ассоциацияға кіріп,  компания халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларының шеңберінде танымал шетел компанияларының  жұмыс тәжірибесімен тікелей танысу мүмкіндігін алады.


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 361.66
  • EUR Евро 409.51
  • CNY Кит. юань 52.36
  • RUB Рос. рубль 5.41
  • GBP Англ. фунт 459.96

Доска объявлений