«Қостанай облысы кәсіпорындарының ассоциациясы» ЗТБ


Ассоциация Қостанай облысы кәсіпкерлерінің бастамасымен және Германдық техникалық ынтымақтастық жөніндегі қоғамның жәрдемімен 2001 жылдың ақпан айында құрылған.

«Қостанай облысы кәсіпорындарының ассоциациясы» ЗТБ өз міндеті ретінде қолайлы Қостанай облысының шағын және орта бизнесі кедергісіз және тұрақты дами алатын, экономикалық өл-ауқатын жақсарта алатын, жаңа жұмыс орындарын аша алатын экономикалық ахуалды қалыптастыру деп таниды.

Ассоциацияның басты мақсаттары:

1. ассоциация мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін мемлекеттік және басқа да органдармен, қоғамдық ұйымдармен, саяси партиялармен қарым-қатынастар кезінде қорғау ;

2. кәсіби мамандықты жоғарылатуға арналған іс-шараларды (семинарлар, дөңгелек үстелдер, әдістемелік материалдар) өткізуге жәрдемдесу ;

3. кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жасау және іске асыру барысында мемлекеттік органдармен бірлесе жұмыс істеу ;

4. кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесетін жалпы іс-шараларды бастау және өткізуге көмектесу.

Ресми сайты: http://aspredko.kz/



Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 369.98
  • EUR Евро 428.7
  • CNY Кит. юань 53.48
  • RUB Рос. рубль 5.64
  • GBP Англ. фунт 486.49

-->