Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

«Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы»


«Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы» заңды тұлғалар бірлестігі заңды тұлғалар бастамасымен құрылып, өз мүшелерінің еріктілігі мен тепе-теңдігі, өзін-өзі басқару, заңдылық, есептілік негізінде жұмыс жасайды.

Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы беделді және тұлғалы ұйым құру арқылы Қазақстанның шағын және орта бизнесіне жаңа жұмыс орындарын ашып, тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік беретін қолайлы экономикалық ахуал қалыптастырады.

Форумды өткізу бастаушысы болып Қазақстан жастары одағының аясында бір топ жас кәсіпкерлер шыққан еді. Бастама Қазақстан Республикасы Президентінің қолдауына ие болды.

Форум қызметінің нысандары:

  • Форум мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау;
  • кәсіпкерлікті дамыту және қолдау саласындағы арнаулы бағдарламаларды жасауға, үйлестіруге және іске асыруға жәрдемдесу;
  • ақпараттық-кеңес беру, ғылыми-әдістемелік және баспа жұмыстарын ұйымдастыру;
  • кәсіпкерлік және басқа да жеке экономикалық бастамалардың түрлерін дамытуға мүмкіндік беретін басқа да қызметтер түрі.

Форум – Республиканың ең танымал, ірі және белсенді қоғамдық ұйымдарының бірі. Ұйымның қызметі экономиканың барлық салалары кәсіпорындары, қоғамдық ұйымдар, мемлекет, министрліктер мен мекемелер басшыларының қатысуымен өткізілген ірі масштабты кездесулер нәтижесінде салмақты саяси мәртебеге ие болды. Бірінші Форум 1992 жылдың маусым айында Қазақстан жастары одығының аясында өткізілді. 2003 жылға дейін он форум өткізілді.

Ресми сайты: http://businessforum.kz/



Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 319.32
  • EUR Евро 396.28
  • CNY Кит. юань 50.34
  • RUB Рос. рубль 5.66
  • GBP Англ. фунт 447.56

Доска объявлений