Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

«Атамекен» Одағы» Ұлттық Экономикалық Палатасы


«Атамекен» Одағы» Ұлттық экономикалық палатасы – бұл Қазақстандағы бизнес бірлестіктерінің флагманы. «Атамекен» 200-ден астам салалық, жергілікті және республикалық қауымдастықтарды, шағын, орта және ірі кәсіпорындарды біріктіре отырып, қазақстандық кәсіпкерлердің мүдделерін қорғайтын басты өкілі болып келеді.

«Атамекен» 2005 жылдың 24 наурыз айында Кәсіпкерлер Конгресінде Қазақстан Республикасы Президентінің ынтасымен құрылды.

Қазақстан экономикасын әлемнің ең дамыған елдердің деңгейіне дейін жеткізу – «Атамекен» Одағының» борышы. Қолайлы іскерлік ахуал жасау, кәсіпкерлік үшін барлық әкімшілік кедергілерді жою және экономиканың шикізат емес секторын дамыту – мұның барлығы «Атамекен» қызметінің мақсаттары. «Атамекен» коммерциялық емес ұйым екеніне ерекше көңіл аударайық, демек біз пайданы көздемейтініміз хақ. Одақтың кызметкерлері мүшелерінің жарнасы арқылы қаржыландырылуда.

«Атамекен» философиясы ресми веб-порталының жоғары жағында тұрған логотипте көрсетілген. Логотипте бейнеленген шаңырақ – Қазақстан кәсіпкерлерінің ынтымақтастығын білдіреді. «Атамекен» деген бір шаңырақтың астында біріккен Қазақстан кәсіпкерлері нің бизнес ті дам ыт удағы қол жетпейтін шыңға ұмтылуы н логотипте шарықтаған бүркіт кейіптейді.

Сонымен бірге, «Атамекен» - бұл еліміздің нағыз отаншылдардан, экономика, құқық, техникалық реттеу, мемлекеттік сатып алу және агроөнеркәсіп салаларындағы жоғары билікті мамандардан құралған ұйымшыл топ. Біздің ұжым еліміздің экономикасының әр түрлі салаларын күнделікті зерттей отырып, дамудың жаңа стратегияларын жасайды да, мәселелерді шешу жолдарын іздейді. Сондай-ақ, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғайтын ондаған заңдардың, қаулылардың және бұйрықтардың жобаларын сараптамаға тартады, көптеген мәжілістер мен мемлекеттік органдардағы Жұмыс топтарда бизнестің мүдделерін қорғайды, кәсіпкерлердің наразылығы мен үндеулерін қарастырып, жедел түрде әрекет етеді.

Ресми сайты: http://atamekenunion.kz/



Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 360.12
  • EUR Евро 409.67
  • CNY Кит. юань 52.34
  • RUB Рос. рубль 5.33
  • GBP Англ. фунт 457.32

Доска объявлений