Колл-центр:1408 (Звонок бесплатный)

Kazakhstan Growth Fund Қоры


Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) және "Самұрық-Қазына" ҰҚ-мен алдын ала уағдаластық бойынша шағын және орта бизнес жобаларын қаржыландыру үшін капиталы 125 млн. АҚШ доллар "Kazakhstan Growth Fund" инвестициялық қоры құрылған.
Kazakhstan Growth Fund Қоры 2009 жылдың тамызында Қазақстанда, Ресейде және Орта Азия елдерінде орта бизнес кәсіпорындарында үлестік инвестицияларды жүзеге асыру мақсатында құрылды.
Қордың ағымдағы капиталдандыру мөлшері одан әрі ұлғайту мүмкіндігімен 80 млн. АҚШ долларын құрайды.
ТМД-ның әр түрлі елдерінде тікелей және венчурлық инвестициялар саласында көп жылдық ұжымдық тәжірибемен, қордын инвестициялық мамандар командасы серіктес компаниялардың сапалы инвестициялық портфелін қалыптастыруға және акционерлік құнын арттыруға бағытталған.
Қор жұмыс істеп жатқан бизнеске, яғни жаңғырту, реконструкциялау немесе өндірістік қуаттарды кеңейту, жаңа немесе жақсартылған тауарлар мен қызметтерді өндіру үшін инвестициялық қажеттілікті сезінетін жеке компанияларға, инвестиция құяды.
Қордың инвестициялық стратегиясы қор капиталынан кем дегенде 70% Қазақстанда операциялық қызметті жүзеге асыратын компанияларға инвестициялауды жоспарлап отыр. Бұл ретте, бір жобаны инвестициялау сомасы 10-15 млн. АҚШ долларға дейін құрауы мүмкін, бір экономика секторына капиталдың 25% дейін инвестициялану мүмкін.
Қазақстанмен қатар, қор Ресейде, Қырғызстанда, Өзбекстанда, Тәжікстанда, Түрікменстанда жұмыс істейтін компанияларды инвестициялау мүмкін. Қордың портфельдік компанияларда қатысу мерзімі 3-7 жылды құрайды.
Сайт: www.kgf.isd.kz

Назад