Колл-центр(Звонок бесплатный):
1408+7 (800) 080 18 90

Шетел нарығында франшизаны ілгерілету


Кәсіпкерлердің шетелдік нарыққа сол жерде франчайзингтік желіні дамыту мақсатында шығу практикасы өте танымал. Ресей реалияларында бұл тақырып өз бизнесін Ресейде дамытуды жоспарлайтын шетелдік компаниялар үшін де, сондай-ақ шетелдік нарыққа шығу үшін өзінің күшін жетерлік деп есептейтін, ресей компаниялары үшін де өзекті.

Бұл ретте әңгіме бірнеше елдердің арасындағы қарым-қатынастар туралы болған жағдайда осындай ынтымақтастықтың кейбір заңдық ерекшеліктерін назарға алған дұрыс.

Келісім-шартты қай елдің құқығына сәйкес жасау керк?

Тараптар ретінде әр елдің адамдары қатысатын мәміле жасау кезінде олардың арасындағы қарым-қатынасты реттейтін құқықты таңдауға рұқсат беріледі. Ол үшін келісім-шарттың толықтай, не оның жекелеген бөліктерінің қай елдің құқығымен реттелетіндігін келісім-шартта жазу қажет.  

Мысалы, егер франшиза мастерін ұсыну туралы шарттың тараптары АҚШ мен Ресей азаматтары болса, онда тараптар келісім-шарттың Ресей елінің құқығына сәйкес реттеуге жатқызылатындығын тікелей анықтауға құқылы. Сонымен бірге қолданылатын құқық ретінде үшінші елдің құқығын, мысалы, Францияның құқығын анықтауға да ештеңе тыйым салмайды. Келісім-шартты орындаудың үлкен байланысы бар немесе тараптар көбірек сенетін, елдің құқығын ұсыну өте орынды болып табылатындығы бұл басқа мәселе. Әрине, егер франшизаның иесі америкалық тарап болса, онда ең дұрысы, үлкен келіссөздік күшке ие бола отырып (bargainingpower), франшиза мастерін ұсыну туралы келісім-шарт үшін қолданылатын құқық ретінде АҚШ-ның немесе оның штаттарының бірінің құқығы «таңдалады». Егер тараптар дауды шешу орны ретінде Ресейдегі мемлекеттік сотты таңдайтын болса, онда бұл басқа мәселе. Бұл жағдайда АҚШ-ның құқығын таңдау жөнсіз болып көрінеді,өйткені ресей сотының шетел құқығының нормаларын қолдануы өте қиын және тиімсіз болады.

Егер тараптар қолданылатын құқықты келісім – шартта тікелей анықтамаған болса, онда тараптарға халықаралық жеке құқықтар нормасын, оның ішінде қарама-қайшы нормаларды, келісім-шарттағы тараптардың мемлекеттерінің арасындағы халықаралық келісім қағидаларын басшылыққа алуға тура келеді. Мәселен, ресей заңнамасында белгіленген халықаралық жеке құқық нормаларына сәйкес коммерциялық концессия шартына қатысты, аумағында пайдаланушыға құқық иесіне тиесілі айрықша құқықтар кешенін пайдалануға рұқсат берілетін елдің құқығы, не егер осы пайдалануға бір мезгілде бірнеше елдің аумағында рұқсат берілетін болса, құқық иесінің тұрғылықты жері немесе қызметінің негізгі орны орналасқан елдің құқығы қолданылады.

Келісім-шарт бойынша тараптардың қарым-қатынасына қолданылатын, құқықты таңдай отырып, таңдалған құқықтың тек келісім-шарт тараптарының арасындағы қарым-қатынасты реттеуге қатысты екендігін түсіну қажет. Бұдан, көбіне, шарт бойынша берілетін, құқықтар кешеніне кіретін, зияткерлік меншікке құқықтың үшінші тұлғалармен бұзылуына қатысты мәселелердің енді шарттың қағидаларымен немесе таңдалған құқықпен емес, осындай бұзушылық орын алған елдің құқығының нормаларымен реттелетіндігін көреміз.

Естен шығармау тиісті болатын тағы бір ерекшелік, мәміле нысанына (жазбаша, ауызша, нотариалды) осы мәміленің өзіне қолданылуға тиісті елдің құқығы қолданылады. Алайда егер мәміле нысанына мәміленің жасалған орнының елінің құқығының талабы сақталған болса, онда мұндай мәміле жарамсыз болып танылмауы тиіс. Яғни, егер мәміле Мәскеуде жасалып және тараптармен оның нысанына ресей заңнамасының барлық талаптары сақталған болса, онда мұндай мәміле осы негіз бойынша жарамсыз болып танылмауы тиіс. Бұдан келісім-шарттағы оның жасалу орнында көрсетілгенді елемеуге болмайды деген қорытынды шығады.

Сондай-ақ Ресейде орындалуға жатқызылатын мәмілелерге қатысты тағы да бір маңызды ереже әрекет ететіндігін ұғыну өте маңызды: егер мәміле не пайда болу, өту, шектеу немесе тоқтату болса, ол бойынша құқық Ресей Федерациясында міндетті мемлекеттік тіркеуге жатқызылады, мұндай мәміленің нысаны ресей құқығына бағынады. Бұдан, Ресей аумағында орындалатын, франчайзингтік келісім-шарт бойынша құқықты ұсыну Ресей патентінде міндетті тіркелуі қажет деген қорытынды шығады. Франчайзингтік келісім-шарт немесе ол бойынша құқықтың өтуі көпшілік елдерде тіркеуге жатқызылмайтындықтан бұл маңызды. Мысалы, Қазақстанда заң шығарушы мұндай талаптар ұсынбайды.

Тіркеу мәселесін қозғай отырып, егер шетелдік тұлға тауарлық белгіге құқық берген жағдайда (франчайзинг жағдайында міндетті), онда мұндай белгі оны пайдалану жоспарланып отырған мемлекеттің аумағында міндетті түрде тіркелуі тиіс екендігін ескерте кету маңызды. Тараптар бұл жайлы жиі ұмытып кетеді.

Сондай-ақ қолданылатын құқық мәселесін жарықтандыра отырып, франчайзинг бойынша құқықтар кешенінің құрамында берілетін, зияткерлік меншік объектілерін қорғауды әр түрлі құқықтық реттеу мәселесін қозғамау мүмкін емес. Істің мәні мынада, бір елде объект зияткерлік меншіктің қорғалатын объектісі болып танылса, екіншісінде танылмайтын жағдайлар кездеседі. Бұл әсіресе ноу-хау (өндіріс құпиясы) және пайдалы модель сияқты объектілер үшін өзекті.

Ноу-хауға қатысты айтатын болсақ, көптеген елдерде (мысалы, Жапония, Ұлыбритания және өзге еуропалық елдер) ол зияткерлік меншік объектісі болып танылмайды. Сонымен бірге, түрлі елдерде осы ұғымды атау үшін әр түрлі терминдер пайдаланылады, мәселен, undisclosed information, tradesecret, manufacturing secret.

Пайдалы модель де көптеген елдерде патентпен қорғалмайды (РФ-нан басқа), тек дизайн ретінде қорғауға жатқызылады.

Бұдан шығатын қорытынды, егер тараптар арасында келісім-шарттық қарым-қатынастар болған жағдайда, осындай объектілерді пайдалану және өзіне қабылдаған міндеттемелерін бұзғандығы үшін жауапкершілік мәселесі шарттағы тараптардың өздерімен реттеледі, ал мұндай объектілерді шарттан тыс пайдаланған жағдайда (шарттың тараптары болып табылмайтын үшінші тұлғалар; не шарт тоқтатылғаннан кейін) іс жүзінде осындай объектілерді қорғау заңмен көзделмеген елдің аумағында оларды құқықтық қорғау мүмкіндігі туралы мәселе туындайды.

Дау туындаған жағдайда қандай сотқа жүгіну қажет?

Қолданылатын құқықтағы жағдай сияқты, халықаралық келісім-шарт тараптары олардың дауларының қандай тәртіппен және кіммен шешілетіндігін тікелей анықтауға құқылы. Бұл тараптардың бірінің мемлекеттік соты немесе мемлекеттік емес сот болуы мүмкін, мысалы, халықаралық коммерциялық арбитраждық сот (мысалы, ICC International Court of Arbitration, Лондонның халықаралық арбитраждық соты, Стокгольмнің халықаралық арбитраждық соты). Бұл ретте мемлекеттік емес соттардың артықшылықтары мен кемшіліктерін ескеру қажет. Әдетте, дауды қарау құны оларда мемлекеттік соттарға қарағанда біршама жоғары;бұл ретте істі қарау сапасы едәуір ұтады; сонымен бірге тараптар дауды шешетін арбитрларды тағайындауға бірге қатыса алады.

Құжаттарды жасау үшін қай елдің заңгерлерін тартқан дұрыс?

Бұл сұраққа жауап сіздің келісім-шартты қай елдің құқығына бағындыруды шешкендіңізге тікелей байланысты болады. Американдық заңгерлерге келісім-шартты ресей құқығына сәйкес және/немесе керісінше жасауды тапсыру ойға қонымсыз болатындығы айқын.

Келісім-шартты қай тілде жасау қажет?

Келісім-шарттың тараптары әдетте әр тілде сөйлейтін адамдар болғандықтан, шартты тек бір тілде жасау ерсі болар еді. Сондықтанда келісім-шарттар көбіне екі – мысалы, орыс және ағылшын тілдерінде жасалады.Сонымен бірге, келісім-шартты жасау кезеңінде-ақ, егер ол орындалатын елдің құқығы франчайзингтік шарттың тіркелуін немесе ол бойынша құқықтың өтуін талап ететін болса, онда тіркеуші органның әрқашан құжатты өз жұмыс тіліне аударып беруін талап ететіндігін, естен шығармау маңызды. Қазақстанда мұндай тілдер қазақ және орыс тілдері болып табылады.

Сонымен бірге, басқаша оқылуы туындаған жағдайда тілдердің қайсысының нұсқасы басым күшке ие болатындығын, келісім-шартта ескерту өте маңызды.




Назад