Колл-центр(Звонок бесплатный):
1408+7 (800) 080 18 90

Франшиза сатып алуға ниетті адамдарға арналған 4 кеңес


Франшиза сатып алу - өз бизнесін ашуды ойластырып жүргендер үшін тамаша шешім болуы мүмкін. Бұл жеке тұлғалар үшін де, үлкен корпорациялар үшін де екі жаққа пайдалы ұсыныс. АҚШ-та бұл сөздің шындылығы іс жүзінде тексерілді, сондықтан, франшиза сатып алу —барлық бастаушы кәсіпкерлердің 50% - дан астамының жасайтын бірінші іс-әрекеті. Франшизаны сатып алуда сіз үшін тиімділігін анықтауға көмектесетін төрт кеңес дайындадық .

1. Барлық шығыстарды есептеңіз

Бизнесті толық іске қосу үшін қажетті ақша сомасы франшиза сатып алудың  таза сомасынан айтарлықтай асып түседі. Белгілі брендті барлық игіліктерімен пайдалану үшін төленетін алғашқы жарнадан басқа сізге қажетті лицензиялар алуға, жабдықтар сатып алуға, үй-жайды безендіруге, персоналды жалдауға қаражат салуға тура келеді. Мұнда басқа да шығындарды қосыңыз: жалдық төлем, коммуналдық қызметтер, заңгерлік және бухгалтерлік қаламақы, мүлікті және жауапкершілікті сақтандыру, қызметкерлерің еңбекақысы. Өз қажеттіліктеріңізді алдын ала білмесеңіз, ешқашан қаржылық табысқа қол жеткізбейсіз.

2.  Бар күшіңізді және уақытыңызды жұмсаңыз

 Франшизаны іске қосу үшін қажетті инвестициялардың барлығы тек ақша ғана емес. Бизнеске тәуліктегі 24 сағатты арнамасаңыз табысқа жету мүмкін емес. Алдағы айларда сізден бизнестің талап ететіні - уақыт пен қызу жұмыс. Сондықтан, бизнес бастамас бұрын, сіз қажетті ресурстардың барына көз жеткізіңіз ( отбасымен сөйлесіңіз, таныстарыңыздың қолдауын алыңыз, барлық ағымдағы істерді жабыңыз, борыштарды төлеңіз). Алда не күтіп тұрғанын, жұмсалған қаражаттың ықтимал пайдасы туралы білу үшін франшизаның басқа иелерімен сөйлесу де пайдалы.

3. Аумақпен танысыңыз

Істің барлық тетіктерімен танысу үшін  бизнес жүргізетін аумақты егжей-тегжейлі зерттеуіңіз қажет . Франшизалардың көпшілігінде әрекет аумағы бойынша шектеулер бар, тіпті жарнама тарату да белгілі бір географиялық шегінде ғана рұқсат етілу мүмкін. Сондықтан, сатып алу туралы шартқа қол қою алдында бизнесіңізді ашатын орынды мұқият зерттеңіз: демографиялық жағдайды, аудан түрін,  тұрғындардың қызығушылығын, жергілікті билікпен қойылған  шектеулерді.

4. Бизнес-жоспар құрыңыз

Бизнестің алдағы бірнеше жылдардағы даму стратегиясын әзірлемегенше ештеңе сатып алмаңыз. Сізде барлық іс-әрекеттері қадамдап жазылған, шығындар мен күтілетін пайдасы есептелген нақты жоспар болу тиіс. Корпоративтік басшылық, әрине, қажет болған жағдайда кеңес беріп, өз болжамдары мен ұсыныстарын айтады, алайда, есіңізде болсын, бір елдің немесе өңірдің шегінде нарықтардың бір-бірінен қатты айырмашылықтары болуы мүмкін. Бұл маркетингтік және жарнамалық шешімдерге, персонал құрылымы мен оның басқаруына, қаржыландыру мен еңбекақы төлеуіне қатысты. Осы тетіктердің барлығын франшиза сатып алғанға дейін түсіну - сіздің бизнес-бастамаларыңыздың қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді табыс кепілі болады. 



Назад