Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

«Астана- жаңа қала» АЭА


АЭА тарихы
«Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы құру туралы» 2001 жылғы 29 маусымдағы № 645 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істейді, 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін АЭА-тың әрекет ету мерзімі  белгіленді.
астапқыда АЭА-тың жалпы аумағы 1052 гектарды құраған. Қазіргі кезде АЭА-тың аймағы 7634,71 гектарды құрайды. АЭА аумағының құрамына аумағы 598,1 гектар № 1 индустриалдық парк, аумағы 433,1 гектар № 2 индустриалдық парк және аумағы 72,41 гектар қалалық жеңіл рельс кіреді.
«Астана- жаңа қала» АЭА туралы
Инвестициялар тарту жолымен астана құрылысын салу бойынша алдыға қойылған тапсырмаларды шешу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен инвесторларды мемлекеттік қолдау бойынша құралдар базасы құрылды.
Осы мақсатта стратегиялық маңызды мемлекеттік бағдарламалар орындалуда және оларды жүзеге асыру бойынша шаралар іске асырылуда.
Инвестициялар тарту бойынша құралдар желісінде негізгі тауашағын 2001 жылы Президен Жарлығымен құрылған, 2027 жылға дейін әрекет ету мерзімімен «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы құрайды.
Ол әлемде инвестициялар ағынын ынталандыру құралы ретінде қолданылатын «еркін экономикалық аймақ» механизмі бойынша әрекет етеді. Мұнда инвесторларға арналған бірқатар кеден және салық жеңілдіктері, атап айтқанда өнеркәсіптік аймақтағы кәсіпорындарды корпоративтік кіріс салығын төлеуден босату, әкімшілік-іскерлік орталық аумағында объектілер салу кезінде тауар жеткізушілерге ҚҚС-ты қайтару, жер салығы, мүлік салығы, 10 жылға дейін жерді жалға алудан босату қарастырылған. Сондай-ақ, еркін кеден аймағы және шетелдік күш әкелу кезінде жеңілдетілген режим әрекет етеді.

Мақсаттар:
1. Инвестицияларды жұмылдыру және құрылыста озық технологияларды қолдану, сондай-ақ қазіргі заманға сай инфрақұрылым құру жолымен Астана қаласын қарқынды дамыту;
Тиімділігі жоғары, оның ішінде жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндірістер құру, сондай-ақ өнімнің жаңа түрлерін шығаруды игеру
Басымдылықтар:
3. Салық және кеден баждарын төлеуден босату;
Мемлекет қаражаты есебінен инфрақұрылым құрылысы;
5. Ресей, Беларусь, Армения және Қырғызстанмен біртұтас кедендік кеңістік;
Тиімді географиялық орналасу, Солтүстік-Оңтүстік, Шығыс-Батыс торабында орналасқан;
Жағымды бизнес-климат, инвесторлардың құқықтарының қорғалуы;
8. Әкімшілік, консультациялық қолдау көрсету арқылы жобаларды толығымен қолдау;
« Астана – жаңа қала» АЭА-тың әрекет ету мерзімі: 2002 жылғы 01 қаңтар — 2027 жылғы 01 қаңтар аралығында. Жалпы аумағы: 7634,71 га.
СЭЗ « Астана – жаңа қала» аумағы 2 субаймақтан тұрады.
1. Әкімшілік-іскерлік орталық;
2. Индустриалдық парк (№1 және №2).
Әкімшілік-іскерлік орталық заманауи инфрақұрылым, әкімшілік, тұрғын және әлеуметтік-мәдени мақсаттағы бірегей объектілер құрылысына арналған. « Астана – жаңа қала» АЭА жаңа әкімшілік-іскерлік орталығында салынған ең маңызды объектілерге: Тәуелсіздік сарайы, «Ақ Орда» – Қазақстан Республикасының резиденциясы, «Бейбітшілік және Келісім сарайы», «Нуржол» бульвары, «Қазақстан темір жолы» ғимараты, «Көлік және коммуникация министрлігі» ғимараты, «Опера және балет театры», «Солтүстік шұғыла», «Хайвилл Қазақстан», «Хазрет Сұлтан», «Нұр Астана» мешіттері кіреді.
Әкімшілік-іскерлік орталығы аумағында бүкіл кезең ішінде 342 объект тіркелді, олардың ішінде осы кезде 268-і пайдалануға берілді. 268 объектінің ішінде 83 – тұрғын үй ғимараттары, 75 – инженерлік-көлік инфрақұрылымы, 58  объект – әлеуметтік-мәдени маңызы бар ғимараттар, 50 – әкімшілік ғимараттар мен мейманханалар, 2 өнеркәсіптік объектілер.
Бүгінгі таңда қалған 74 объект бойынша (57 — тұрғын үй ғимараттары, әлеуметтік-мәдени маңызы бар 7 объект, 9 – әкімшілік ғимараттар, 1 – өнеркәсіптік объект) құрылыс-монтаждау және жобалау жұмыстары жүргізілуде.

Әкімшілік-іскерлік орталық аумағында төмендегі аталған өнеркәсіптік объектілер жүзеге асырылған:
Іске қосылған кәсіпорындар:
«Астана SOLAR» ЖШС фотоэлектрлік модульдерді жинау бойынша зауыт;
«Еврокоптер Казахстан инжиниринг» ЖШС тікұшақтарды жинау және техникалық қызмет көрсету бойынша зауыт.
Олар бойынша жалпы сомасы 54,8 млрд. теңгеге өнімдер (тікұшақтар, фотоэлектрлік модульдер) шығарылды. 234 жұмыс орындары құрылды.
Құрылыс сатысында:
«Қазақстандық авиациялық индустрияся» ЖШС ұшу аппараттарының өндірісі бойынша зауыттың құрылысы
№ 1 индустриалдық парктің құрылысы. Бүгінгі күні № 1 Индустриалдық парктің аумағында инвестиция көлемі 173,7 млрд. 58 инвестициялық жоба іске асырылуда, олардың ішінде 21 өндіріс пайдалануға берілді, 24 объектіде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 13 жоба – рұқсат құжаттарын жобалау және ресімдеу сатысында.
№ 1 Индустриалдық парк бойынша игерілген инвестициялар көлемі 91,7 млрд теңге. Парктің істегі кәсіпорындары 2010 жылдан бастап 387,9 млрд. теңгеге өнім шығарылып, қызмет көрсетілді. Өнім экспорты 10,7 млрд. теңгені құрады. Кәсіпорындарда 2473 жұмыс орындары құрылды. Кәсіпорын қызметінен түскен салық түсімдерінің көлемі 33,7 млрд. теңгені құрады. Істегі кәсіпорындардың бюджетке төлеген салық қаражаты есебінен № 1 Индустриалдық парк инфрақұрылымының құрылысы өтелді, оған 19,8 млрд. теңге бөлінген болатын.
№ 1 Индустриалдық парк аумағындағы өндірістің негізгі үлесі ішкі нарықтың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған. Аталған жобалар қала және жалпы Республика аумағында импортты ауыстыру шеңберінде жүзеге асырылуда.
Дегенмен, экспорттық бағдарланған кәсіпорындар да бар:
— «Локомотив құрастыру зауыты» акционерлік қоғамы, аталмыш зауыт 2010-2015 жылдар аралығындағы кезеңде 292 «GeneralElectric» тепловоздарын шығарды, олардың ішінде 14-і экспортқа жіберілді. 2015 жылы кәсіпорын Әзірбайжан Республикасына 10 тепловозды экспорттауды жоспарлауда.
— «Электровоз құрастыру зауыты» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, аталмыш кәсіпорын 2016-2019 жылдар аралығында Әзірбайжан Республикасына 39 электровозды экспорттауды жоспарлауда.
2015 жылдың қорытындылары бойынша № 1 Индустриалдық парк аумағында сомасы 32,4 млрд. теңгеге 6 объектіні іске қосу жоспарлануда, кәсіпорын толық іске қосылғаннан кейін 1500 жұмыс орындарын құру жоспарда бар.

— «СПЭН қоршау конструкциялары зауыты» металл конструкциялары мен «сэндвич»-панельдер өндірісі бойынша зауыттың құрылысы;
— «STAHLBAU» ЖШС болат металл конструкцияларының құрылысы бойынша зауыттың құрылысы;
— «Астана Дизель Энджинс» ЖШС-нің «GEVO» дизель қозғалтқыштарын шығару бойынша зауыттың құрылысы;
— Қазақстанда «Казахстан инжиниринг дистрибьюшн» ЖШС-нің әскери және азаматтық техника өндірісін ұйымдастыру;
— «ZOJE» тігін жабдықтары және «Астана Ютария Ltd өндірістік инновациялық компания» тоқыма өнімдерінің өндірісі бойынша зауыттың құрылысы;
—«GLB» ЖШС-нің «Weckenmann» неміс жабдықтарының технологиясы бойынша үй құрылысы комбинатының құрылысы;
№ 2 Индустриалдық парктің құрылысы.
№ 1 Индустриалдық парктің инвестициялық жобаларға толы болғандықтан, сондай-ақ өнеркәсіпті дамытудың тиімді қызметіне, бюджетке түсетін салық түсімдерінің көлеміне, жаңа тұрақты жұмыс орындарының құрылуына байланысты № 2 Индустриалдық парк құрудың өткір қажеттілігі бар.
Астана қаласында № 2 Индустриалдық парк құруды ұйымдастырудың негізгі мақсаты – инвесторларға қолайлы № 2 Индустриалдық парк шекараларында бәсекелестік қабілеті бар өндірістер құру негізінде қала аумағында тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамыту үшін ары қарай жағдай жасау. Алдыға қойылған мақсаттарға жету келесі негізгі тапсырмалардағы орта мерзімді перспектива негізінде қамтамасыз етіледі.
—қаланы әлеуметтік-экономикалық дамыту басымдылықтарына сәйкес №2 Индустриалдық паркті аумақтық-кеңістікте орналасуы;
— № 2 Индустриалдық парктің құруға және дамытуға бағытталған инвестициялық қызметті қолдаудың инфрақұрылымын қалыптастыру;
— № 2 Индустриалдық парктің инфрақұрылымды құрудың және жайластырудың бүкіл кезеңі ішінде инвестициялық қызметтің институционалдық жағдайларының тұрақтылығын қамтамасыз ету;
— аймақтың инвестициялық саласында, сонымен қатар, өнеркәсіптік кластер шеңберінде № 2 Индустриалдық парктің тиімді жұмысы мен қарқынды дамуын қамтамасыз ету үшін мамандарды даярлау және қайта даярлау жүйесін дамыту.
№ 2 Индустриалдық паркін құрудың маңызды шарттарына әлеуетті инвесторлар мен резиденттерге сапалы, бәсекелестік қабілетті ресурстарды, жеңілдіктерді және преференциялар ұсыну есебінен № 2 Индустриалдық паркті құрудың инвестициялық тартымдылығын арттыруды жатқызуға болады. № 2 Индустриалдық парк аумағында бизнесті дамытуды инфрақұрылымдық қамтамасыз ету мәселелерін шешу.

№ 2 Индустриалдық парктің  алдын ала болжамды көрсеткіштері бойынша сомасы 200 млрд. теңгеге жыл сайын өнім шығаруды, 20 млрд. теңге көлемінде салық түсімдерін және 3 мың тұрақты жұмыс орнын құруды қамтамасыз етеді.
Қазіргі кезде халықаралық деңгейдегі Jurong Consultants компаниясының сарапшыларын тарту арқылы № 2 Индустриалдық парктің мастер-жоспарын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Әзірленген мастер-жоспарды есепке ала отырып, «№ 2 Индустриалдық парк инфрақұрылымының құрылысы» жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу аяқталады. Мемлекеттік сараптама қорытындысын алғаннан кейін жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеу бойынша жұмыстар басталады.
№ 2 Индустриалдық парк аумағында келесі құрылыстар жоспарлануда: 25 км автокөлік жолдары, әрбір жер учаскесіне белгіленген шекараларға тарату желілерімен қуатттылығы 2*63МВа 110/20 кВ шағын станциясының; тазарту станциясы бар жылумен қамтамасыз ету желісі, су құбырларымен, тұрмыстық және нөсер канализациясымен қуаттылығы 150 Гкалл қатты отынмен жанатын дербес қазандық; 12 км т/ж жалғағыш жолдары.

Инфрақұрылымның дайындығы:
№ 1 Индустриалдық парктің – 80 %;
№ 2 Индустриалдық парктің – 0% (мастер-жоспар мен ТЭН дайындалуда).
№ 1 Индустриалдық парктің инфрақұрылымы
Қазіргі уақытта № 1 Индустриалдық парктің инфрақұрылымы әрқайсысы 10 кВ 7 тарату пункттерінен тұратын (10-ға 110) шағын станциясымен қамтамасыз етілді, ұзындығы 3,4 км диаметрі (1200 мм) магистральды жылу трассасымен, 18,7 км (80%) автокөлік жолдары салынды, 23 км (77%) су құбыры, 22,4 км (80%) тұрмыстық кәріз жүйесі, 33,5 (82%) нөсер канализациясы, 7,5 км кабель каналы тартылды, тұрмыстық ағын сулардың сорғы станциялары салынды. Ақ-бұлақ өзенінде екі су тартатын құрылыс салынды. Орындалған жұмыстардың жалпы көлемі 80%-ды құрайды (19,8 млрд. теңге игерілді). Сонымен қатар, істегі кәсіпорындардың бюджетке төлеген салық қаражаты есебінен инфрақұрылымының құрылысы толығымен өтелгендігін айтып кеткен жөн.


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 335.05
  • EUR Евро 395.12
  • CNY Кит. юань 50.64
  • RUB Рос. рубль 5.66
  • GBP Англ. фунт 447.79

Доска объявлений