Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

"АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫ" АЭА


"Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы - бұл дәл белгіленген шекаралары бар Қазақстан Республикасы аумағының бір бөлігі. "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағын құру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі №853 жарлығына сәйкес 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейді, АЭА мерзімі 2028 жылдың 1 қаңтарына дейін белгіленген. АЭА құрылған кезінде жалпы ауданы 227,1 га жер құрайтын еді, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007  жылы 7 қаңтарындағы № 279 жарлығымен АЭА аумағы 227,1 га дан 928,3 га дейін кеңейтілген.Бөлінген жер участклерін ойдағыдай уақытылы игерілген үшін аумағы 928,3 га дан 2000 га дейін кеңейтіледі.
2003 жылы Ақтау қаласы әкімдігі қауылысымен "Ақтау теңіз порты"АЭА" мемлекеттік мекеме құрылған.
2012 жылы Ақтау қаласы әкімдігі қаулығымен "Ақтау теңіз порты"АЭА" мемлекеттік мекеме жойылған оның орнына Маңғыстау облыс әкімдігі  қаулығымен акционерлік қоғамы нысанында басқарушы компания құрылды.

Қазіргі таңда "Ақтау теңіз порты"АЭА" аумағы жекеленген алты жер учасклермен (субаймақтармен) белгіленген. АЭА аумағында арнайы құқықтық режимі бойынша мекемелер өз қызметкерлерін атқара отырып салық және кедендік төлемдерден басталады.
Басқарушы компания, арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, АЭА қатысушы ретінде, жұмыс істейтін мекемелер іріктейді сонымен қатар инвестициялық жобаларды іске асыру үшін инвестицияларды тартады, мемлекеттік оргондармен және жеке бизнес арасында байланыстырып тұратын буын және мемлеккттік қолдау көрсету құралы.

БАСҚАРУШЫ ОРГАН "АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫ" АЭА" АҚ
Басқарушы орган "Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ, кәсіпкерлерді қолдаудың мемлекеттік құралы болып табылады. АЭА аумағында жоспарланған инвестициялық жобаларға әкімшілік және техникалық қолдау көрсетіп, объекті пайдалануға беру сәтіне дейін  қолайлы инвестициялық жағдай жасайды,  жобаның жүзеге асырудың барлық кезеңінде көмек көрсетіледі. Маңғыстау облысының және бүкіл еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында, біздің команда, құжаттарды жинау және беру уықытында әкімшілік және бюрократтық кедергілерін азайтуға белсенді жұмыстарын жүргізуде. Біздің мақсатымыз халықаралық деңгейдегі инвесторлардың құқығын қорғайтын компания болу. Кәсіпкерлік қызметтерін атқару үшін тиімді және қолайлы жағдайлар жасақтау. Шикізаттың тәуелділігінен кету мақсатында, еліміздің индустриясын дамыту құралы болмақ. Тұрақты жұмыс орындарын ашу арқылы иәлеуметтік проблемаларды шешуді көздейді.Инновациялық жобаларды дамыту ынталандыру, трансферт технологиясы және шоғырландыру арқылы экономикамызды диверсификациялы жағдай жасау.  

"АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫ" АЭА ҚАЗІРГІ ТАҢДА.
Қазіргі таңда "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында 30 қатысушы тіркелген, оның ішінде 10 жоба жүзеге асырылған.
Осы жылы 6 жоба іске қосу жоспарланып отыр.
"Ақтау теңіз порты" АЭА теңіз жағалау аймағын қосқанда 6 субаймақтан тұрады, жалпы ауданы 2000 га.
Біздің миссия: Инвесторларға  жоғарғытехнологиялық өндірістерін құру үшін қолайлы жағдай жасақтау.
Мақсатымыз:
Қолайлы инвестициялық климат жасау, экспортқа бағытталған отандық және шетелдік инвестицияларды тарту;
Қәзіргі заманға сай өндірістерді жылдамдатып дамыту және инновациялық технологиялар ауданның экономи саласында импорталмастыру үшін арналған;
Жаңа жұмыс орындарын құру және жергілікті кадрлардың біліктілік деңгейін көтеру.

Бiздiң артықшылықтар:
Салықтан босату және кеден баждары
Мемлекет есебінен инфракұрылым құрылысы
Ресей және Беларусь Республикасымен бiріккен кеден кеңiстiгi
Тиiмдi географиялық орналасу, ТРАСЕК атты теңіз жолдарының қиылысуында.
Қолайлы бизнес-климат, инвесторлардың құқықтарының қорғалуы
Жобаларды өндіріске  дейін  басынан  бастап бақылап отыру .
Салық және кеден преференциялары:
Бiрлескен  табыс салығы - 0%
Жер  салығы - 0%
Мүлiк салығы - 0%
Импорттық тауарларға  ҚҚС - 0%
Кеден  баждары - 0%
Жердің арендалық төлемі - 0  
"Ақтау теңіз порты" АЭА жұмыс мерзімі: 01.01.2003 ж. - 01.01.2028 ж.
Орналасқан жері : Қазақстан Республикасы, Ақтау қаласы, теңіз сауда портының аумағы.
"Ақтау теңіз порты" АЭА  Басқарушы органы "Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ болып табылады.  


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 334.32
  • EUR Евро 392.29
  • CNY Кит. юань 50.53
  • RUB Рос. рубль 5.63
  • GBP Англ. фунт 450.46

Доска объявлений