Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

«Сарыарқа» АЭА


Құрылды:    2011 жылғы қарашаның 24-де
Қызмет ету мерзімі:    2036 жылғы 1 желтоқсанға дейін
Орналасқан жері:    Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданы
Аумағы:    534,9 гектар
Құру мақсаты:    
- металлургия өнеркәсібін және металл өңдеу саласын дамыту, атап айтқанда әлемдік сауда таңбаларын өндірушілерді тарту жолымен дайын бұйымдарды өндіру;
- шикізатты тереңдете өңдеу және қосылған құны жоғары бәсекеге қабілетті өнімдерді кеңінен шығару жөніндегі әлемдік деңгейдегі металлургия өнеркәсібі мен металл өңдеу саласын құру мен дамыту жөніндегі серпінді инвестициялық жобаларды әзірлеу және іске асыру;
- шикізатты тереңдете өңдеу жөніндегі өндірістерді және технологияларды құру мен жетілдіру бойынша ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық инновациялық жобаларды әзірлеу және іске асыру;
- құрылысқа инвестициялар тарту және мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктерінің негізінде металлургия өнеркәсібін кешенді дамыту.
Басым қызмет түрлері:    
- металлургия өнеркәсібі;
- машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдары өндірісі;
- авиациялық, автомобиль және мотоцикл қозғалтқыштарынан басқа, қозғалтқыштар мен турбиналар өндірісі;
- автокөлік құралдары, трейлерлер мен жартылай тіркемелер өндірісі;
- компьютерлер, электрондық және оптикалық бұйымдар өндірісі;
- электр жабдықтары өндірісі;
- химия өнеркәсібі өнімдері өндірісі;
- резеңке мен пластмасса бұйымдары өндірісі;
- құрылыс материалдары мен металл емес минералдық өнімдер өндірісі;
- гидравликалық жабдықтар өндірісі;
- өзге сорғылар, компрессорлар, тығындар мен қақпақшалар өндірісі;
- өзге де шүмектер мен бұрандалар өндірісі;
- подшипниктер, тегершіктер мен тісті берілістердің элементтері мен жетектер өндірісі;
- плиталар, пештер мен пеш оттықтары өндірісі;
- көтеру және тасымалдау жабдықтары өндірісі;
- қол электр құралдары өндірісі;
- өнеркәсіптік тоңазыту мен желдету жабдықтары өндірісі;
- сұйық минералдарға арналған тазалау аппараттары өндірісі;
- сұйық минералдарды немесе ұнтақтарды өндіруге, диспергациялауға немесе тозаңдатуға арналған жабдықтар өндірісі;
- мұнайды тазалауға, химия өнеркәсібіне, сусындарды өндіру жөніндегі индустрияға арналған тазалау жабдықтары өндірісі;
- центрифугаларды (қаймақайырғыштар мен кептіру аппараттарынан басқа) өндірісі;
- судың кері циркуляциясы арқылы тікелей суытуға арналған сумен суыту бағандары өндірісі;
- ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы техникасы өндірісі;
- металлдарды қысыммен өңдеуге арналған жабдықтар өндірісі;
- өзге де металл өңдейтін станоктар өндірісі;
- металлургияға арналған машиналар мен жабдықтар өндірісі;
- тау-кен өндіру өнеркәсібіне, жерасты жұмыстарына және құрылысқа арналған техникалар өндірісі;
- тамақ өнімдерін, сусындарды және темекі бұйымдарын өндіруге және қайта өңдеуге арналған жабдықтар өндірісі;
- тоқыма, тігін, үлбір мен тері бұйымдарын дайындауға арналған жабдықтар өндірісі;
- қағаз бен қатырма қағаз дайындауға арналған техникалар өндірісі;
- резеңкені, пластмасса мен басқа да полимер материалдарды қайта өңдеуге арналған жабдықтар өндірісі болып табылады.
АЭА басқару органы:    
«Қарағанды Инвест» АҚ
Байланыс:    
Тел: +7 (7212) 40 09 83
e-mail: aokaragandainvest@gmail.com


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 334.32
  • EUR Евро 392.29
  • CNY Кит. юань 50.53
  • RUB Рос. рубль 5.63
  • GBP Англ. фунт 450.46

Доска объявлений