Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

«Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА


Құрылды:    2007 жылғы желтоқсанның 19-да
Қызмет ету мерзімі:    2032 жылғы 31 желтоқсанға дейін
Орналасқан жері:    Атырау облысы
Аумағы:    3 475,9 гектар

Құру мақсаты:    
- қосылған құны жоғары көмірсутек шикізатын тереңдете өңдеу және кеңінен бәсекеге қабілетті мұнай-химия өнімін шығару жөніндегі әлемдік деңгейдегі мұнай-химия өндірістерін құру мен дамыту жөнінде серпінді инвестициялық жобаларды әзірлеу және іске асыру;

- мемлекеттік-жеке меншік серіктестік тетіктерінің негізінде мұнай-химия өндірістерін салуға және оларды кешенді дамытуға инвестициялар тарту;
- өзара байланысты, тиімділігі жоғары және инновациялық жаңа мұнай-химия өндірістерін салу;

- қазақстандық мұнай-химия өнімінің өндіру мен өткізудің жалпы әлемдік жүйесіне кірігуін жүзеге асыру, халықаралық стандарттарға (ИСО) сәйкес инновациялық, бәсекеге қабілетті отандық мұнай-химия өнімін жасау;
- мұнай-химия өндірістерін және көмірсутек шикізатын тазалау, тереңдете өңдеу жөніндегі технологияларды құру мен жетілдіру бойынша ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық инновациялық жобалар әзірлеу және іске асыру;
- халықаралық стандарттарға сәйкес мұнай-химия өндірістері үшін мамандар даярлау және қайта даярлау.
Басым қызмет түрлері:    
- жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес инфрақұрылым объектілерін, мұнай-химия, химия және сабақтас өндірістерді салу және оны пайдалануға беру;
- химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру;
- мұнай-химия өнімдерін, сондай-ақ ілеспе, сабақтас өндірістер мен технологиялар өнімдерін өндіру.

АЭА басқару органы:    
«Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА басқарушы компаниясы» АҚ

Байланыс:    
Тел: +7 (7122) 20 34 55/20 93 15
e-mail: atyrau_sez@mail.ru


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 335.05
  • EUR Евро 395.12
  • CNY Кит. юань 50.64
  • RUB Рос. рубль 5.66
  • GBP Англ. фунт 447.79

Доска объявлений