Колл-центр:1408 (Звонок бесплатный)

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында Ақтөбе облысында алғашқы жобаға қол қойылды

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында Ақтөбе облысында алғашқы жобаға қол қойылды

Бүгін Ақтөбе облысындағы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының аймақтық филиалында «Даму» қоры, «Forte банк» АҚ және «M-Трио» жиһаз компаниясы арасында субсидиялау туралы үшжақты келісімге қол қойылды.

«М-Трио» компаниясы Ақтөбе облысында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында «Даму» Қорынан несиенің 6%-ына субсидия алды. Қалған 8%-ын кәсіпкердің өзі төлейді.

Бұл механизм ел экономикасындағы басымдық берілген жобаларды қолжетімді етіп несиелендіру проблемаларын шешу, импорт алмасу, шикізаттық емес экспортты ұлғайту және шағын және орта бизнесті дамытуды көздейді. Шағын және орта бизнестің жобалары үшін 100 млрд теңге бөлінеді.

Механизмді жүзеге асыруға «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Сбербанк» АҚ, «Forte банк» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «АТФ Банк» АҚ, «Нұрбанк» АҚ, «Цеснабанк» АҚ, «Еуразиялық банк» АҚ және «Bank RBK» АҚ қатысады

Қазір екінші деңгейлі банктерде 21 жоба қарастырылуда. Оның ішінде 2 жоба мақұлданды. Үшіншісі жоғарыда қол қойылған жоба.

«М-Трио» жиһаз компаниясы 2013 жылдың шілде айында құрылған. Компания тіркелгенге дейін кәсіпкер өзі жиһаз жасаумен айналысқан. Жиһаз өндіре бастағанына 10 жылдан асты. Бұған дейін ЖШС жабдық сатып алу үшін «Даму» Қорынан қолдау алған. Қазір өндірістік базада жиһаз өндіреді. 20 адам жұмыспен қамтылған.

Источник:
Количество просмотров:
1954
(Нет голосов)
Обнаружив в тексте ошибку, выделите ее и нажмите Ctrl + Enter