Колл-центр(Звонок бесплатный):
1408+7 (800) 080 18 90

ЕАЭО-дағы инфляция 15%-ға жетті

ЕАЭО-дағы инфляция 15%-ға жетті

2015 жылдың сәуірінде Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдеріндегі жиынтықталған инфляция 2014 жылдың сәуірімен салыстырғанда 15%-ға жоғарылады деп хабарлайды Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) статистика департаменті.

2014 жылыдң сәуір айында тұтынушылық бағалардың өсімі 2013 жылдың сәуірімен салыстырғанда 7,7%-ды қамтыған болатын.
Ресейде инфляция көлемінің артуы ең жоғары деңгейде — 16,4%. Өз кезегінде бір жыл ішінде Беларусь еліндегі тұтынушылық бағалар бір жыл ішінде 15,5%-ға жоғарылаған. Арменияда бұл көрсеткіш 4,8%-ға жетті, Қазақстанда — 4,6%.

Сонымен қатар 2015 жылдың сәуір айында ЕАЭО-дағы инфляция 2014 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 7%-ға артқан.
«2015 жылдың сәуір айында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда Қазақстан мен Ресейде тұтынушылық тауарлардың бағасы ең жоғарғы қарқынмен өскен — сәйкесінше 5,5% және 21,9%. Арменияда — тұтынушылық емес тауарлар (7%), Беларусь елінде — ақылы қызметтер (23,6%)», — деп хабарлайды ЕЭК баспасөз қызметі.

Ал Қазақстанның Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, мамыр айында еліміздегі инфляция 0,3%-ға өскен.

Источник:
Количество просмотров:
5075
(Нет голосов)
Обнаружив в тексте ошибку, выделите ее и нажмите Ctrl + Enter
Смотрите также

Похожих новостей не найдено.