Колл-центр(Звонок бесплатный):
1408+7 (800) 080 18 90

Инфляция екпіні екі еселенді

Инфляция екпіні екі еселенді

Жылдық инфляция көрсеткіші 2014 жылдың маусымында 7% құраған, ал өткен жылдың қортындысы бойынша инфляция 4,8% құраған еді. Инфляция өсімінің екпіні 45% жеткен.

Дүниежүзілік экономикады металл мен шикі зат өнімдеріне деген сұраныстың төмендігі әліде сақталуда. Тау-кен металлургиялық кешені өнімдерінің экспорттық бағасына әліде тәуелді болып отырған Қазақстан экономикасы, Кедендік одақ елдері ішіндегі экспорттың күрт түсіп кетуіне тап болды. Алайда, отандық сарапшылар алдын ала қандайда бір тұжырым шығару ерте деп отыр.

ҚР статистика агентігінің деректеріне сәйкес 2014 жылдың қаңтар-мамыр аралығындағы Қазақстанның жалпы сыртқы айналымы $50,934 млрд құраған, бұл 2013 жылдың қаңтар-мамыр аралығындағы көрсеткішпен салыстырғанда 2,7% төмен.
Ағымдағы жылдың соңғы 5 айындағы экспорт мөлшері өткен жылғымен салыстырғанда 3% өсіп, $35,5 млрд құраған, ал импорт керісінше 13,6% төмендеп, $15,5 млрд. жеткен.

Ключевые слова: Экономика, Инфляция
Источник:
Количество просмотров:
5172
(Нет голосов)
Обнаружив в тексте ошибку, выделите ее и нажмите Ctrl + Enter