Колл-центр:1408 (Звонок бесплатный)

Кәсіпкер ұстаз

Кәсіпкер ұстаз

Аленова Алмагүл Абдрашқызы Көкшетау қаласындағы мектептерде қазақ тілі мен әдебиетінен отыз жылдан астам уақыт бойы сабақ берді. Соңғы сегіз жылда Назарбаев Зияткерлік мектебінде (НЗМ) ұстаздық етті. Алмагүл үнемі өз оқу орталығын ашуды армандайтын.

2017 жылдың қазан айында ол «Парасат» атты ЖК тіркеп, «Sapsan» зияткерлік дамыту мектебінің франшизасын сатып алды. «Капитал» бизнес орталығынан орын жалға алып, оқу орталығын ашты. Зияткерлік мектеп ұстазы Алмагүл Абдрашқызы осылайша өз еркімен бизнеске кетті.

Бастапқыда «Парасат» ЖК балаларды «Sapsan» бағдарламасы бойынша оқытып, қазақ тіліне үйретумен айналысты.

1 жыл жұмыс істеген соң кәсіпкер көрсетілетін қызметтер аясын кеңейтіп, ағылшын және қытай тілдерін үйрету үшін «Lingvocentre» франшизасын сатып алуды ұйғарды. Франшизаға жабдықтар мен оқу материалдарын сатып алу үшін 3,2 млн теңге қажет болды.

«Қазақстан Халық банкі» АҚ арқылы «Еңбек» бағдарламасы бойынша несие алуға құжат тапсырды. Банк 2019 жылдың ақпан айында 3,2 млн теңгені 6%-бен мақұлдады. Кепілзат жетпегендіктен «Даму» Қоры 2,7 млн теңгеге кепілдік берді.

Биыл 22 маусымда Көкшетау қаласында «Lingvocentre» клубының салтанатты ашылуы өтті. Енді «Парасат» ЖК - Көкшетау қаласындағы Ket, PET, FCE, CAE, CPE, IELTS бойынша Кембридж емтихандарына дайындайтын ресми сертификатталған жалғыз орталық. Сонымен қатар орталық қосымша бірқатар қызметтер де көрсетеді. Атап айтқанда:

- Мектеп оқушылары үшін жаздағы қарқынды дайындық;

- Емтихан тапсыруға дайындық;

- Ұжымды оқыту;

- «Ана мен бала (үш жастан асқан балаларға арналған курстар) эксклюзив бағдарламасы да бар.

Источник:
Количество просмотров:
1054
(Нет голосов)
Обнаружив в тексте ошибку, выделите ее и нажмите Ctrl + Enter