Колл-центр(Звонок бесплатный):
1408+7 (800) 080 18 90

Тамыз айында бензин бағасының қымбаттауы күтілмейді - Мұнай және газ министрі

Тамыз айында бензин бағасының қымбаттауы күтілмейді - Мұнай және газ министрі

1 тамызда елімізде бензин мен дизельдік отынның бағасы еш өзгеріссіз қалады. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин осылай мәлімдеді.

«Көп әңгіме болып жүрген баға мәселесіне келсек, 1 тамызда елімізде бензин мен дизельдік отын бағасы көтерілмейді, айдың аяғына дейін сол қалпында тұрады деп ойлаймыз. Жалпы, жанар-жағармай бағасына қатысты талқылаулар ай сайын орын алып тұрады. Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап бензин бағасын талқылау басталған, ол жалғасып келеді әрі ведомствоаралық комиссия отырыстарында, біздің министрлікте де, басқа мәжілістерде, Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде, Үкіметте де осы мәселелер айтылады.  Ендеше бензин мәселесі талқыланған сайын оның бағасы көтерілуі мүмкін деген сөзді білдірмейді», - деді Ұ. Қарабалин.

Сонымен бір мезгілде министр бүгінгі күні Қазақстандағы бензин бағасы еліміз шекараласатын мемлекеттерге қарағанда, Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстанға қарағанда төмен екенін атап өтті.

Источник:
Количество просмотров:
5291
(Нет голосов)
Обнаружив в тексте ошибку, выделите ее и нажмите Ctrl + Enter