Колл-центр:1408 (Звонок бесплатный)

Алматыда IV бизнес-форум басталды

Алматыда IV бизнес-форум басталды

Онда агроөнеркәсіп саласынан бастап Еуразиялық экономикалық одақ пен Орталық Азия елдерінің аймақаралық ынтымақтастығы туралы мәселе талқыланып жатыр.

Басқосуға Қазақстан, Беларусь, Ресей және Қырғызстан кәсіпкерлері келді. Бизнес-форумға жиналғандар өз өнімдерін көрмеге қойды. Мақсат – Кедендік және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің өнімдері мен өндірісін танып білу. Ел экономикасында ауылшаруашылығының алар орны бөлек. Сондықтан екі күндік форумды кәсіпкерлер осы тақырыптан бастады. Жасыратыны жоқ, Қазақстанның нарығындағы 70-80 пайыз өнім сырттан, әсіресе, Ресейден тасымалданса, Қазақстан бұл елдерге бидай, ұн және көкөніс экспорттауда. Енді ірі қара етін Ресей нарығына шығаруды көздеп отырмыз деп отыр кәсіпкерлер.

Алтынбек Молдашев, экономика ғылымдарының докторы, профессор:
- Ауыл шаруашылығындағы шикізаттар өзіміздің Қазақстанның нарығында өтіп жатыр. Сол себептен сыртқа тауарлар шығару үшін оның көлемін көбейту керекпіз. Біз өндірісті әрі дамытуымыз керек. Өндіріске инвестициялар көбірек шығаруымыз керек. Мемлекет көбірек көмек жасау керек.

Источник:
Количество просмотров:
10862
(Нет голосов)
Обнаружив в тексте ошибку, выделите ее и нажмите Ctrl + Enter
Смотрите также

Похожих новостей не найдено.