Колл-центр:1408 (Звонок бесплатный)

Қазақстан кәрістер қауымдастығы Алматы облысында жылыжай салмақ

Қазақстан кәрістер қауымдастығы Алматы облысында жылыжай салмақ

Талдықорған нарықтарына көкөністер Қаратал ауданындағы тоғыз жылыжай кешенінен жеткізіледі.

Қаратал ауданында энергия үнемдейтін алғашқы жылыжай 2010 жылы   инновациялық технология бойынша салынған. Олардың құны шамамен 250 мың долларды құрайды. Жобаны өтеусіз негізде Оңтүстік Корея инвестициялады.

- Әзірге ең тиімді болып отырған қияр дақылын өсіруге ден қойып жатырмыз. Тұқымды Голландиядан сатып аламыз. Оны өсіруге 45 күн кетеді. Өнімділік жаман емес. Әлі күнге дейін жинап жатырмыз, тіпті жылуды да қосқан жоқпыз, деп түсіндірді «Шығыс Қаратал» ЖШМ жылыжайының меңгерушісі Виктор Пак.

Мұнда барлығы автоматтандырылған. Өнімді қолмен жиналады, жылына орташа бір шаршы метрден 20 келіден алынуда. Тұтастай үш жылыжайдан  жылына 120 тоннаға дейін өнім жиналады.

Қазақстан кәрістер қауымдастығы Оңтүстік Корея Үкіметінің қолдауымен тағы бір жылыжай салуды жоспарлауда. Мұндай кешендер желісін кеңейтуге Қытай инвесторлары да ниеттеніп отыр.

Источник:
Количество просмотров:
12937
(Голосов: 1, Рейтинг: 1)
Обнаружив в тексте ошибку, выделите ее и нажмите Ctrl + Enter
Смотрите также

Похожих новостей не найдено.