Колл-центр(Звонок бесплатный):
1408+7 (800) 080 18 90

Данияр Ақышев: Жыл соңында инфляция бәсеңдейді

Данияр Ақышев: Жыл соңында инфляция бәсеңдейді

Соңғы айларда айлық инфляция әдеттегі үрдіс шеңберінде. 2016 жылғы 4 айда инфляция 3,6%-ды құрады (жылдық көрсетуде – 16,3%). Бұл жөнінде ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев Астана экономикалық форумының жұмысы барысында хабарлады.

Д.Ақышев атап өткеніндей, инфляция жылдық көрсетуде 2016 жылғы сәуірде 16,3% деңгейінде қалыптасқан (2015 жылғы желтоқсанда – 13,6%). Бұл ретте, оның айтуынша, азық-түлік тауарларының бағасы 13,1%-ға (10,9%-ға), азық-түлікке жатпайтын тауарлар 27,3%-ға (22,6%-ға) өсті. Ақылы қызметтер бір жыл ішінде 9,7%-ға (8,1%-ға) қымбаттады.

«Ұлттық Банктің жылдық инфляция бойынша 2016 жылдың соңына арналған болжамы бұрынғыдай қалып отыр. Инфляция жыл соңында баяулап, 6-8% нысаналы дәлізінің жоғары шегіне жақын қалыптасады»,  – деді Қазақстан қаржы реттеушісінің басшысы.

Ұлттық Банктің 2016 жылға арналған басты міндеті инфляция деңгейін тұрақтандыру және оны белгіленген дәлізге жедел қайтару болып табылады, – деп түйіндеді Д. Ақышев.

Ключевые слова: Данияр Ақышев, инфляция
Источник:
Количество просмотров:
4262
(Нет голосов)
Обнаружив в тексте ошибку, выделите ее и нажмите Ctrl + Enter
Смотрите также

Похожих новостей не найдено.