Колл-центр(Звонок бесплатный):
1408+7 (800) 080 18 90

Дмитрий Медведев: Қытай үшін ресейлік газ бағасы Еуропаға ұсынылғанмен тең

Дмитрий Медведев: Қытай үшін ресейлік газ бағасы Еуропаға ұсынылғанмен тең

Ресей Премьері Дмитрий Медведев Bloomberg TV телеарнасына сұхбат берді, сөз арасында Ресей мен Қытайдың газ экспорттау саласына қатысты сұрақтар да көтерілді. Министрлер кабинетінің басшысы Қытайға жеткізілетін ресейлік газ бағасы Еуропалықтар төлеп отырған бағамен тең. Дегенімен, сәйкестендірілген келісім жасалмағандығын атап өтті.

Медведев, Қытайдың бұл мағынада Ресей үшін жаңа нарықты ұсынып отырғандығын айтып өтті. Сондай-ақ, ол ресейлік газдың бағасы әлі қойылмағандығын және келісімшартқа әлі қол өойылмағандығын жеткізді. «Тараптар бұл ұзақ жылдарға көзделген стратегиялық және толыққанды серіктестік болатынына келісті», - дей келе ол құжаттардың соңғы нұсқасы жақын уақытта әзір болатындығын айтты.

Сонымен қатар, журналистермен әңгімелесу барысында Медведев сауда қатынасында Қытай Еуроодақты алмастырмауы керектігін нақты түсіндіріп өтті. «Біз Еуропамен жақсы қарым-қатынаста болғымыз келеді, біздің арамыздағы сауда айналым 400 миллиардтан астамды құрап отыр. Сонымен қатар Қытай, Үндістан, Жапон және басқа елдермен де байланысты тоқтатпақ емеспіз», -деді ол.

Сөз арасында ол Ресей Федерациясының елтаңбасы қандай екендігін еске салып өтті. «Қыран қайда қарап тұр? Ол екі жаққа қарап тұр», - деді Медведев. Қазір Қытай Еуропалық одақтан кейінгі Ресейдің ірі сауда әріптесі болып табылады.

Ключевые слова: Медведев, Қытай, газ
Источник:
Количество просмотров:
16259
(Нет голосов)
Обнаружив в тексте ошибку, выделите ее и нажмите Ctrl + Enter
Смотрите также

Похожих новостей не найдено.