Колл-центр(Звонок бесплатный):
1408+7 (800) 080 18 90

Дмитрий Медведев: Санкциялардың Ресей экономикасына әсері өте төмен

Дмитрий Медведев: Санкциялардың Ресей экономикасына әсері өте төмен

Қандайда бір мемлекеттің территориялық тұтастығына кепілдікті өз мемлекеті мен халқы ғана бере алады. Бұл туралы Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев Украинадағы жағдайға түсінік беру кезінде айтты. Сонымен қатар ол, киевтік билік Ресеймен газ бойынша келісімдерде көрегенсіздік танытып отырғандығын әрі Батыстық санкцияның Ресей экономикасына әсері төмендігін жеткізді.

Дмитрий Медведев Ресейдің Украинаға қатысты ұстанымын «Вести в субботу» бағдарламасына берген сұхбатында білдірген болатын. «Елдегі қиын ішкі саяси жағдай мен экономикалық құлдырауды есерсек, Украинадағы сайлаудан кейін онымен тілдесу жеңілдей түседі деу қиын», -деп атап өтті ол.

Үкімет басшысы Будапештік меморандумның маңызына тоқталып өтті. «Мәселе неде? Украина қарудан бас тартуда, егер басқа бір елдер оған қауіп төндірсе, онда сіздер мемлекетке кепілдік берушілерсіздер. Яғни, АҚШ пен Ресей біз үшін араласуларыңызды өтінеміз. Алайда, Ресей де, өзгеде ешбір ел  ешқандай құжаттармен әлдебір елдің территориялық тұтастығына кепілдік бере алмайды», -дей келе Медведев кез келген елдің территориялық тұтастығына өз мемлекеті мен халқы ғана кепілдік бере алатындығын айтты.

Источник:
Количество просмотров:
8668
(Нет голосов)
Обнаружив в тексте ошибку, выделите ее и нажмите Ctrl + Enter
Смотрите также

Похожих новостей не найдено.