Колл-центр(Звонок бесплатный):
1408+7 (800) 080 18 90

ЭКСПО комиссары ресейліктерді көрмеге жаппай тартуды ұйымдастыруды ұсынды

ЭКСПО комиссары ресейліктерді көрмеге жаппай тартуды ұйымдастыруды ұсынды

Мәскеуде "ЭКСПО-2017" мамандандырылған халықаралық көрме комиссары - ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев   РФ туризм бойынша Федеральдық агенттігінің басшысы  Олег Сафоновпен кездесті.

Әңгіме барысында  Р.Жошыбаев  ЭКСПО-2017 көрмесіне ресейліктердің белсенді қатысу мәселесін қозғап, аймақ деңгейінде ресейлік туристерді көрмеге тарту бойынша бірлескен жұмысты  жолға қою туралы ұсыныс жасады.

«Біз қазақстандық серіктестермен ынтымақтастық орнату мүмкіндіктері бар бағыттарды талқылауға келістік.  Қазақстанды да, Ресейді де тамашалауға мүмкіндік беретін бірлескен туристік бағыт көпшілікті қызықтырады», - деді РФ туризм бойынша Федеральдық агенттігінің басшысы.

Сондай-ақ ол Қазақстанның ЭКСПО көрмесін өте жоғары деңгейде өткізетініне сенімін білдірді.

Кездесу соңында РФ туризм бойынша Федеральдық агенттігінде тараптар «Астана ЭКСПО-2017»  ҰК» АҚ мен Ресей индустриясы және туризм кеңесі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Источник:
Количество просмотров:
5116
(Нет голосов)
Обнаружив в тексте ошибку, выделите ее и нажмите Ctrl + Enter
Смотрите также

Похожих новостей не найдено.