Колл-центр(Звонок бесплатный):
1408+7 (800) 080 18 90

Қазақстанда Аи-92/93 бензинінің бағасы 99 теңгеге дейін арзандады

Қазақстанда Аи-92/93 бензинінің бағасы 99 теңгеге дейін арзандады

Бүгін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің сайтында (energo.gov.kz) «Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті баға белгілеу туралы» ҚР Энергетика министрінің №67 бұйрығы жарияланды.

Құжатта: «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі заңының 7-бабының 15-тармақшасына, 9-бабы 2-тармағының 3-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1.  Бағаларына мемлекеттік реттеу бегіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті баға ҚҚС-ты есепке ала отырып, мынадай мөлшерде белгіленсін:
Дизель отыны - литріне 99 теңге;
Аи-80 - литріне 89 теңге;
Аи-92/93 - литріне 99 теңге», - деп жазылған.

Источник:
Количество просмотров:
5991
(Нет голосов)
Обнаружив в тексте ошибку, выделите ее и нажмите Ctrl + Enter
Смотрите также

Похожих новостей не найдено.