Колл-центр(Звонок бесплатный):
1408+7 (800) 080 18 90

Лукашенко: Батыстық елдер ешқашан Белоруссияға қожалық ете алмайды

Лукашенко: Батыстық елдер ешқашан Белоруссияға қожалық ете алмайды

Белоруссия президенті Александр Лукашенко Батыстық елдерге өз елінің саясатына қожалық етуге ешқашан рұқсат бермейтіндігін мәлім етті. Бұл жайында ол сербиялық ірі БАҚ өкіліне сұхбат беру барысында айтты.

Белоруссия саясатын сынаған батыстықтарды сөз ете отырып, Лукашенко: «Батысқа несіне ренжиін. Мен олардың Белоруссиядан және менен нені қалайтындығын білемін. Олардың бұл жерде қожалық етуіне мен ешқашан жол бермеймін», - деп жауап берді.

«Осының арқасында біз қайткенде де дамудамыз және елдегі тұрақтылықты ұстаудамыз. Мен үшін ең маңыздысы, бұрыннан айтып жүргенімдей, қандай уақыт болмасын жас ана баласын аулаға еш қорықпай алып шығып серуендей алуы. Жұртшылықтың жақсы өмір сүруі», -деді Лукашенко.

Еуропалық одақ кеңесі Белоруссияға қарсы сенкцияны  2014 жылдың 31 қазанына дейін созды. Кеңес Белоруссиядағы барлық саяситұтқындарды босатуды талап етіп отыр.

Ключевые слова: Белоруссия, Лукашенко
Источник:
Количество просмотров:
5676
(Нет голосов)
Обнаружив в тексте ошибку, выделите ее и нажмите Ctrl + Enter
Смотрите также

Похожих новостей не найдено.