Колл-центр(Звонок бесплатный):
1408+7 (800) 080 18 90

Лукашенко ЕЭО келісімін тоқтатпайды

Лукашенко ЕЭО келісімін тоқтатпайды

Беларусь пен Ресей мұнай өнімдерін Минскіге жеткізуде кедендік баж салығын біртіндеп төмендету келісіміне қол жеткізді, деп мәлімдеді жұма күні Александр Лукашенко.

«Біз біртіндеп кедендік баж салығын төмендетуге келістік. Келер жылы жартысына жуығы белорус бюджетіне түсетін болады. Менің пайымдауымша, бұл 1,5 млрд. доллар болады», - деп атап өтті ол. Лукашенконың айтуынша, тараптар 2016 жылы бұл сұраққа төңірегіне қайта оралады және екі жыл ішінде баж салығы бойынша көтерілген бұл мәселе толықтай шешіледі.

Белорус басшысы мамыр айында несиелік есебіне Ресей 2 млрд. доллар аударатындығын жеткізді. «Бұрындары келісілгендей Ресей бізге 2 млрд. доллар аударады және ол мамыр айында болады», -деп нақтылап өтті Лукашенко. Оның айтуынша, бұл қаражат республиканың алтын-валюталық қорын толтыруға бағытталмақ.

Ключевые слова: Белорус, ЕЭО, келісім
Источник:
Количество просмотров:
8662
(Нет голосов)
Обнаружив в тексте ошибку, выделите ее и нажмите Ctrl + Enter
Смотрите также

Похожих новостей не найдено.