Колл-центр(Звонок бесплатный):
1408+7 (800) 080 18 90

Заңсыз банк банкротқа ұшырап, бірнеше мың салымшы алданып қалды

Заңсыз банк банкротқа ұшырап, бірнеше мың салымшы алданып қалды

Қытайда осы кезге дейін заңсыз түрде жұмыс істеп келген ірі банк кенеттен тақырға отырды. Салдарынан бірнеше мыңдаған салымшы алданып, қомақты қаражатынан айрылды, деп жазады 24.kz.

Қазір аталған банктің қарызы 405 млн. АҚШ долларына жеткен. Негізі бұл қаржылық институт қытайлық «Гаоши» компаниясына қарасты банк болып шықты. Ол қазан айында қаржы жағынан тығырыққа тіреліп, салған ақшасын қайтара алмаған клиенттерден шағым түсе бастаған. Банк мемлекеттік мекемеге тиесілі ғимаратта орналасқандықтан, «ол үкіметтің бақылауында екен» деп ойлаған салымшы халық санын соғып қалды. Енді ақшасын кері қайтаруды өтініп жалынған оларды полицейлер банк ғимаратына кіргізбей отыр.

Ключевые слова: Әлем, Оқиға
Источник:
Количество просмотров:
2225
(Нет голосов)
Обнаружив в тексте ошибку, выделите ее и нажмите Ctrl + Enter
Смотрите также

Похожих новостей не найдено.