Колл-центр(Звонок бесплатный):
1408+7 (800) 080 18 90

Қазақстандық өндірушілер импортты белсенді алмастыруда

Қазақстандық өндірушілер импортты белсенді алмастыруда

2016 жылы тамақ өнеркәсібі өндірушілері өнім шығаруды 4% - ға арттырды, деп хабарлайды finprom.kz.

ҚР-да азық-түлік тұтынуда импортты алмастыру азық-түлік емес тұтынуға қарағанда әлдеқайда сәтті жүріп жатыр. 2016 жылы тамақ өнімдерінің 47 негізгі атаулары ішінде импорт үлесі 35 тауар позицияларына қысқарды. Сәйкесінше, ресурстар мен тұтынуда импорт үлесі азық-түлік тауарларының 12 атауына өсті.

Сондай-ақ, қант өндірісінде импортты алмастыру процесі күрт жанданды, импорттың үлесі 21% құрайды. 2015 жылы қанттың барлық ресурстарында импорт 41% құраған .

2016 жылы ет және еттің қосымша өнімдері (шошқа, ірі қара малдың етін қоспағанда) ресурстарында импорт үлесі айтарлықтай азайды, - егер 2015 жылы импорт деңгейі 63%-ға бағаланса, 2016 жылдың қаңтар-желтоқсанында ол 37%-ға дейін төмендеді.

Бір жылдың ішінде азық-түлік тауарлары ресурстарында импорт үлесінің қысқаруы 0,2-ден 36 пайыздық тармаққа дейін өзгерді.

Екінші жағынан, бірқатар азық-түлік тауарлары ресурстарында импорттық өнім саны өсті, алайда импорт үлесінің өсуі қарқыны әлдеқайда аз болды. Ең көп импорт өсімі коньяктар және коньяктық сусындар ресурстары тұтынуында көзге түсті, 2016 жылы олардың үлесі 10% - дан 20% - ға дейін ұлғайды.

Сондай-ақ сырттан әкелінген ірімшік пен сүзбенің тұтынуы күрт өсті, импорт үлесі 5 пайыздық тармаққа өсті. Осы тауардың ресурстарында импорт деңгейі жеткілікті жоғары - 46%. Айта кетейік, сүт тауарлардың (жаңа сауылған сүтті есептемегенде) өзіндік ресурстарында және тұтынуында импорт үлесі 17%.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдың басында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы импорт алмастыру бағдарламасының басталуын анонстаған. Палатаның сараптамасы ел экономикасының 10 саласындағы әзірге импортталатын 150-ге жуық тауар түрін анықтады, бірақ елімізде олардың жеке өндірісі жолға қойылса, өнімді алмастыруға болады. Импортты алмастыру ақшалай түрде 150 миллиард теңгеден астам соманы үнемдеуге мүмкіндік береді, деп есептейді авторлар.

ҚР-да азық-түлік өнеркәсібі 2016 жылы импорттық құрал-жабдықтар мен шикізат бағасының өсуіне қарамастан айналымдарын арттырды. Жыл қорытындысы бойынша саланы тұтастай алғанда өндіріс көлемі шамамен 4% өсті.

Жануарлар үшін дайын жемшөп өндірушілер басқаларға қарағанда артық жандана түсті, олар өнім шығаруды бірден 59% арттырды; басқа да азық-түлік өнімдерін өндіретін кәсіпорын өндірісі 32% - ға өсті, ал балық, шаян тәрізділер және моллюскаларды қайта өңдеушілер - 19%.

Алайда, азық-түлік өнеркәсібінің бірқатар сегменттерінде айналымдардың баяулауы байқалды. Жемістер және көкөністерді қайта өңдеу мен консервілеу айтарлықтай төмендеді - 16%. Сондай-ақ, сусындарды өндіру 5,5%-ға, нан және ұн өнімдерін өндіру - 3%-ға азайды.

Бір жылдың ішінде азық-түлік өнеркәсібінде нәтижелі жұмыс істеп тұрған өндірістер мен кәсіпорындар 30 бірлікке немесе 11% қысқарды. Негізгі соққыны сусын өндірушілері бастан кешірді, олардың саны соңғы жылы 26 кәсіпорынға немесе 39%, азайды.

Азық-түлік өнеркәсібінің қалған сегменттерінде нарық қатысушыларының саны орташа алғанда үш кәсіпорынға қысқарды. 

Источник:
Количество просмотров:
3943
(Нет голосов)
Обнаружив в тексте ошибку, выделите ее и нажмите Ctrl + Enter
Смотрите также

Похожих новостей не найдено.