Колл-центр:1408 (Звонок бесплатный)

Еуропа тәжік іскер әйелдерді қолдайды

Еуропа тәжік іскер әйелдерді қолдайды

Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) Тәжікстанда іскер әйелдерді қолдаудың – "Бизнестегі әйелдер" танымал бағдарламасын іске қосады. Бастама шеңберінде іскер әйелдер иелік ететін кәсіпорындарды кредиттеу және кеңес беру бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Бір қызығы, Республика ЕҚДБ жобасы жұмыс істей бастайтын 17-ші ел болады.

Банк өкілдері хабарлағандай қаржыландырудан басқа Тәжікстан тұрғындары бизнес саласындағы соңғы жетістіктерді пайдалана алады, арнайы оқу курстарынан өтіп және бизнес-қамқоршы бағдарламасына қатыса алады, деп хабарлайды қаржылық құрылым сайтында.
"Эсхата" банкі бірінші болып 1 миллион долларды тәжік валютасында алады, ол қаражат бүкіл ел бойынша кәсіпкер әйелдерге несие түрінде беріледі.
Қазіргі уақытта Тәжікстандағы жеке секторда және мемлекеттік қызметте де жұмыстан қысқарту байқалады. Көптеген адамдар жұмыссыз қалды және жаңа табыс көзін іздей бастады. Осыған байланысты, әйелдердің 42 пайызы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санатына көшті. Алайда, бұл тек ұсақ компанияларға қатысты – ірі кәсіпорындарда, яғни, статистика бойынша әйелдердің елеулі басшылық лауазымын иеленуге мүмкіндігі жоқ.

Источник:
Количество просмотров:
4132
(Нет голосов)
Обнаружив в тексте ошибку, выделите ее и нажмите Ctrl + Enter
Смотрите также

Похожих новостей не найдено.