Колл-центр(Звонок бесплатный):
1408+7 (800) 080 18 90

Лукашенко «кәсіпкерлік бойынша революциялық шешімдерге» уәде берді

 Лукашенко «кәсіпкерлік бойынша революциялық шешімдерге» уәде берді

Бұл туралы ол «Речицадрев» ААҚ еңбек ұжымымен сөйлесу кезінде айтты деп БЕЛТА хабарлайды.

«Жақын арада біз кәсіпкерлік, бизнес бойынша, бизнесті азат ету бойынша («Речицадрев» сияқты ірі де, шағын және жеке кәсіпкерлерді де) революциялық шешімдер қабылдаймыз» - деп мемлекет басшысы уәде берді.

Кәсіпкерлік қызметке қатысты сәйкес нормативті-құқықтық акт жақын арада президент үстелінде жатады.

«Келдім, осы іспен айналысқым келеді деп өтініш қалдырдым, салық комитетіне тіркелдім де, жұмыс жасауға кеттім. Өрт сөндірушілер, санстанциялар минимумға дейін қысқартылатын болады» - деп Александр Лукашенко түсіндірді.

«Біз толықтай бизнес-бастаманы азат етеміз, барыңыз да өз ісіңізбен айналысып, табыс табыңыз. Біз бұл үшін жағдай жасадық. Ал жасалмағандарды таяу арада іске асырамыз» -деп сөзін жалғады.

Босаңдық жасау уәдесімен бірге президент әлеуметтік талаптапды қатаңдатуды тұспалдады.

Оның сөздері бойынша кез келген дәреже басшысы үшін ең бастысы ұжымдағы адамдарға, олардың өміріне деген жауапкершілік қалады. Бұл бизнесті жүргізу шарттары ырықтандырылады, бірақ адамдар өміріне деген жауапкершілік басым болып қалады.

Александр Лукашенко көп нәрсе адамдардың өздеріне, олардың жұмысқа деген қатынасына тәуелді деп санайды.

Источник:
Количество просмотров:
2504
(Нет голосов)
Обнаружив в тексте ошибку, выделите ее и нажмите Ctrl + Enter
Смотрите также

Похожих новостей не найдено.