Колл-центр:1408 (Звонок бесплатный)

Павлодар облысында жазасын өтеуші курорттық бизнес ашты

Павлодар облысында жазасын өтеуші курорттық бизнес ашты

Павлодар облысы Шарбақты ауданының пробация қызметінің қызметкерлері жазасын өтеуші адамға туризм саласында жеке ісін ұйымдастыруда көмектесті, деп хабарлайды "Қазақпарат".
Бұл туралы аймақтық қылмыстық-атқару жүйесінің департаменті хабарлады.
Өзінің шипалы қасиеттерімен белгілі, Маралды көлінің жағасындағы емдеу-сауықтыру демалыс курорттық аймағының әкімшілігі аудандық пробация қызметі бастығының м. а. Мұхтар Сейтахметовтың өтініші бойынша жазасын өтеуші адамға бүкіл жазғы маусымға киіз үйді орнату үшін алаңды өтеусіз ұсынды, ол пробациялық бақылауда тіркелген.  
" Бас бостандығынан айыру орындарынан босаған, өзінің түзелгенін дәлелдеген және пробация қызметіне есепке тұрған азаматқа кәсіпкерлік қызмет ашуға көмек көрсетілді, атап айтқанда, киіз үйлер тігіліп, онда оның өзінен басқа бүкіл отбасы – ата-анасы және зайыбы еңбек етуде. Бизнес қымыз, сүт, құрт және басқа да ұлттық тағамдарды сатудан тұрады. Сондай-ақ, отбасылық бизнеске демалушылар үшін екі катамаранды прокатқа беру кіреді", – деп атап өтті Мұхтар Сейтахметов.
"Біз Маралдыда курорт ашылғанға өте қуаныштымыз. Бірі-бірімізбен, отбасымен кеңесіп, біз мұнда шағын отбасылық бизнес ашуға келістік. Бұл істе бізге көмектескендердің барлығына рахмет айтқым келеді", – дейді жас кәсіпкер.

Источник:
Количество просмотров:
3874
(Нет голосов)
Обнаружив в тексте ошибку, выделите ее и нажмите Ctrl + Enter
Смотрите также

Похожих новостей не найдено.