Колл-центр(Звонок бесплатный):
1408+7 (800) 080 18 90

Порошенко мемлекет басшысы мәртебесіндегі алғашқы сапарын Донбассқа барудан бастайтындығын мәлімдеді

Порошенко мемлекет басшысы мәртебесіндегі алғашқы сапарын Донбассқа барудан бастайтындығын мәлімдеді

Сондай-ақ, ол Қрымның РФ қосылуы мен елдің шығысындағы референдумдарды мойындамайтындығын жеткізді.

Украинадғы президент сайлауында көш бастап тұрған Петр Порошенко мемлекет басшысы мәртебесіндегі алғашқы сапарын Добасстан бастайтындығын мәлім етті.

Мұндай мәлімдемені ол өзінің сайлау штабында өткізген баспасөз мәслихаты кезінде айтты.

Оған қоса Қрымның РФ қосылуы мен елдің шығысындағы референдумдарды мойындамайтындығын айта келе ол, Ресеймен жұмыс істеуге әзір екендігін де білдірді. «Екі жақты қарым-қатынастың мәселелеріне қарамастан бізде бұл қордаланып қалған сұрақтардың шешу формасы жеткілікті және оның бәріне Укаина кінәлі емес», - деді Порошенко.

Ресеймен қарым- қатынасы жайлы
Ол сонымен қатар, Киев пен Мәскеу арасындағы тілдесуге АҚШ пен Еуропалық одақ араласуы мүмкін екендігін айтты. «Қазіргі күні РФ арадағы байланыс өте шиеленісіп кетті. Соңғы 200 жылда біздің елдер арасында мұндай дағдарыстың болғаны есімде жоқ. Дегенімен, тілдесудің алғашқы процесі бар. Ол Женевалық формат. Меніңше, бүгінгі күні АҚШ пен Еуропалық одақтың қатысуымен өзге форматта РФ тілдесуді жүргізе аламыз», - деп атап өтті ол.

Источник:
Количество просмотров:
9851
(Нет голосов)
Обнаружив в тексте ошибку, выделите ее и нажмите Ctrl + Enter
Смотрите также

Похожих новостей не найдено.