Колл-центр(Звонок бесплатный):
1408+7 (800) 080 18 90

Путин мен Порошенко кездесті

Путин мен Порошенко кездесті

Францияда болған екі ел басшыларының кездесуінде сонымен қатар, Германия канцлері де болды

Украинаның жаңадан сайланған президенті Петр Порошенко Ресей президенті Владимир Путинмен 6 маусым күні Францияда кездесті. Порошенко мен Путин 15 минут сөйлескені айтылды. Олар Нормандияға одақтастар әскерінің кіруіне 70 жыл толу құрметіне арналған шараларға қатысуға барған еді.

"НТВ" мәліметі бойынша, көшбасшылардың сұхбаты барысында Украина мен арадағы жанжал және елдің шығысындағы әскери әрекеттерді тоқтату мәселесі қозғалған.
«Әңгіме деэскалация шараларының мүмкіндіктері мен Мәскеудің жаңадан сайланған Порошенконы мойындауы жайында өрбіді. Оқ жаудыруды тоқтату жөніндегі келісімдер жақын күндері талқыланады», - делінген Франсуа Олландтың әкімшілік хабарламасында.
Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрия Песковтың айтуынша, «Путин мен Порошенко Украинаның шығысындағы қантөгіспен екі жақты әскери әрекеттерді тоқтату мәселесін көтерген», деп жазады "Интерфакс".

Источник:
Количество просмотров:
8449
(Нет голосов)
Обнаружив в тексте ошибку, выделите ее и нажмите Ctrl + Enter
Смотрите также

Похожих новостей не найдено.