Колл-центр:1408 (Звонок бесплатный)

Беларусь және Грузия нарығында қазақстандық аккумуляторлар пайда болады

Беларусь және Грузия нарығында қазақстандық аккумуляторлар пайда болады

Жақында отандық аккумуляторлық батареялар өндіруші "Қайнар-АКБ" ЖШС Беларусь Республикасына сомасы 1 млн долларға өнім жеткізуге экспорттық келісім-шарт жасасты. Беларусь тарапынан қарсы әріптес ретінде Беларуста 20-дан астам бөлшек сауда желісі бар "АвтоКиликия" ірі көтерме-сауда компаниясы.
"Қайнар-АКБ" ЖШС бас директоры, Серікбай Ажмагамбетов:
""Қайнар-АКБ" ЖШС өнімдерінің негізгі өткізу нарықтары ЕАЭО елдері, Орталық Азия және Қытай болып табылады. БАӘ, ҚХР, Ауғанстан, Африка, Оңтүстік-Шығыс Азияға экспорттау бойынша жұмыс жүргізілуде.  "Қайнар-АКБ" өнімі негізгі халықаралық стандарттар — еуропалық, ресейлік және жапондық талаптарға сәйкес келеді. Біздің "BARS", "KAINAR", "NOMAD" брендтер Ресей нарығында кеңінен танымал. Біз қазірдің өзінде Ресей аккумуляторлар нарығында шамамен 10% құраймыз. "KAZAKH INVEST" Ұлттық компаниясымен ұйымдастырылған іс-шаралардың арқасында біз беларустік "АвтоКиликия" компаниясымен жылына 40 мың аккумулятор батареяларын жеткізуге келісім-шарт жасастық,  сондай-ақ грузиялық компаниямен жалпы сомасы шамамен 1 млн долларды құрайтын шарт қол қою кезеңінде".
"Қайнар — АКБ" компаниясы аккумуляторлық батареяларды  өндіретін отандық тауар өндіруші болып табылады, аккумуляторлық батареяларды өндірушілердің "Интербат" халықаралық одағына кіреді. Зауытта батареялардың барлық құрайтын бөлшектерін құрастыру, дайындау жүргізіліп, бұйымдардың ассортименті 70 атаудан тұрады.
Қазіргі уақытта зауытта осындай танымал маркалардың "Sovema" (Италия), "Engitec Technologies LTD" (Италия), "Teckcominca" (Канада), "MAC"(АҚШ), "Digatron", "Kustan" (Германия), "BM" (Австрия), "Sanhuan" және "Haitian" (Қытай) озық жабдықтары қолданылады. Кәсіпорынның жалпы экспорт көлемі жылына 7 млн. дана аккумуляторлық батареяларды құрайды.
"Бұл "Қайнар-АКБ" ЖШС-нің біздің қолдауымызбен жасаған бірінші экспорттық келісім-шарты емес. Компания сыртқы нарықтарға экспортты жылжыту бойынша іс-шаралардың белсенді қатысушысы болып табылады. Кәсіпорын Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Қытай, Польша, Беларусь, Грузия, Қырғызстанда 9 іс-шараларға қатысты және кеңес қорытындысы бойынша жеткізуге келісім-шарттар жасалды. Биылғы жылдың екінші жарты  жылдығында кәсіпорын Қытай және Монғолияда сауда миссияларына қатысады. Және онда қазақстандық аккумуляторлар өзіне "сатып алушы" табатынына сенімдіміз, — деп атап өтті "KAZAKH INVEST" ҰК басқарма төрағасының орынбасары Мейіржан Майкенов.

Источник:
Количество просмотров:
5479
(Нет голосов)
Обнаружив в тексте ошибку, выделите ее и нажмите Ctrl + Enter
Смотрите также

Похожих новостей не найдено.