Колл-центр(Звонок бесплатный):
1408+7 (800) 080 18 90

Мәскеуде роботтар балы өтуде

Мәскеуде роботтар балы өтуде

Ресей, АҚШ, Канада, Франция, Қытай, Корея, Англия және басқа да елдерден әкелінген роботтар 15 мамыр күні ашылған көрмеге қойылды. Ағылшындық өнертапқыштың бойы екі метр болатын «Титан» атты темір туындысы балға жиналғандарды таң қалдырып, кештің жұлдызына айналды.

"Титан" роботы әнші Рианна мен Джеки Чан, Уиль Смит сияқты актерлермен біргі сахнаға шыққан, оның гастролдік кестесі ай бұрын жасалып отырады. Ол Ресейдегі Сочи Олимпиадасында болып үлгерген, енді міне ел астанасында. «Титан» Мәскеудегі алғашқы экскурсиясын Данилов сауда орнынан бастап, одағыларға орыс биін билеп беріп саудагерлерді таңқалдырған.

«Қорқақтар хоккей ойнамайды» әніне билеп жүрген робот: «Сіздердің Ресейлеріңізде бәрі тамаша! Мен, сіздер үшін арнайы орысша сөйлеуді үйрендім, бағалаңыздар. Мен неткен стилді әрі көңілді сұлу жігіт едім», -деп кекетіпте алды.

Ключевые слова: Роботтар балы, «титан», көрме
Источник:
Количество просмотров:
14169
(Нет голосов)
Обнаружив в тексте ошибку, выделите ее и нажмите Ctrl + Enter
Смотрите также

Похожих новостей не найдено.