Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Талантты музыкант


Талантты музыкант
Қызылорда облысы Жалағаш ауданында қос жанарынан айырылған талантты музыкант тұрады. Таң қаларлығы бірінші топтағы мүгедек Еркін Нарымбетов бірнеше музыкалық аспаптың құлағында ойнайды. Композиторлық қасиеті де бар.

- Мен 1976 жылы Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Далдабай ауылында өмірге келгем. 4-сыныптан кейін көзім нашар көре бастады, емделу үшін тіпті Мәскеуге дейін бардым. Содан бері 1 топтың мүгедегімін. Жалы өзім өнерпаздар отбасынан шыққандықтан музыкаға деген қызығушылығым бала кезден бар еді,-деп еске алады Еркін Нарымбетов.

Еркін зор қызығушылығының арқасында домбыра, гитара, баян, аспаптарын да меңгеріп алған. Бірнеше әннің авторы. Қазір үйірме ашып, шәкірт тәрбиелеп, өз кәсібін жүргізуде.

- Алғашында үйден музыка үйірмесін аштым. Балаларға ән айтуды үйретіп, ән таңдауларына көмектестім. Кейбір адамдар ән жаздыру үшін келеді. Бастапқыда тегін қызмет жасадым. Кейін тойларда, оқу орындарындағы түрлі мерекелік іс-шараларды музыкалық аспаптармен сүйемелдедім. Тапқан қаржыны отбасымның қажеттілігіне жұмсап, балалар үшін тағыда еңбек етемін деп оянатынмын. Кәсіпкер боламын деп ойлаған да жоқпын. Күнделікті тірлік сол арнаға қарай бұрды. Таныстарым «Луккойл» мұнай компаниясының «Ақниет» әлеуметтік жобасы жайлы айтты. Жан жарым екеуіміз жобаның шарттарымен танысып, өзіміздің бизнес жобамызды ұсындық. Онда заманауи аппаратура, микрофон тағы басқа жұмысыма қажеттілерді көрсеттім. Менің жобам мақұлданып, облыс әкімінің алдында жобамды қорғап шықтым, сөйтіп 500 мың теңге көлеміндегі  қайтарымсыз несиеге қол жеткіздім. Одан кейін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту» Қорының «Даму-Көмек» бағдарламасы аясында қажетті құрал-жабдықтар алдым. Қазір кәсіпкерлігімді заңды түрде тіркеп, мемлекетке салық төлеп отырмын, -дейді  ол.

Еркін кәсіпкерлік ісін одан ары дамытып, әдеби кітаптар арқылы өз білімін жетілдіргісі келеді. Алайда Қызылорда қаласында арнайыландырылған  қажетті бедерлі кітаптардың жоқтығын айтады.

- Қаламыздан бедері бар кітаптарды таппадым, қайда барсамда сұрастырып жүремін. Бір досым Қызылордада соқырларға арналған кәсіпкерлік бағытындағы кітаптардың жоқтығын айтты. Енді Алматыдан тапсырыспен алдыратын шығармын. Өзім жаңалықтарды үзбей тыңдаймын. Кәсіпкерлік жөніндегі бағдарламаларды да жиі көремін. Бұл да маған көп көмек, - дейді кәсіпкер.
Бүгінде Еркін ұялы телефонды да меңгеріп алған. Өздігімен қоңырау шалып, тапсырыс берушілермен тілдеседі. Алдағы уақытта компьютерді де үйренгісі бар. Ол 2004 жылы шаңырақ көтеріп, қазір төрт бала тәрбиелеуде. Сонымен қатар ол, кәсіпкерлікпен айналысқалы клиенттермен жақсы қарым-қатынас орнатып, дұрыс жұмыс жасау керектігін түсіндім дейді.

- Кәсіпкерліктің қай саласы болсын, клиенттермен жылы сөйлеуді, жақсы қатынас орнатуды қажет етеді. Менде алдыма келген адамдарды жылы қабылдап, олардың көңілінен шығатындай етіп жұмыс жасауға тырысамын. Еңбектерім де еш кетіп жатқан жоқ, жақында 14 желтоқсан күні аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталдым. Алда атқарар істер де аз емес, егер бәрі ойдағыдай болса шәкірттеріммен бірге шығармашылық кешімді өткізсем деп отырмын, - дейді Еркін Нарымбетов.


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 319.42
  • EUR Евро 400.04
  • CNY Кит. юань 50.35
  • RUB Рос. рубль 5.66
  • GBP Англ. фунт 450.25

Доска объявлений