Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Қарлыға Құдайбергенова: сапалы заттар қашанда сұранысқа ие


Мамандығы бойынша медицина қызметкері болып табылатын Қарлығы Құдайбергенова, бала кезінен тігінмен айналысады.  Бірақ ол сүйікті ісінің негізгі кәсібіне айналып әрі табыс әкелетіндігін ойламаған еді. Ол Түркіменстан елінде Халаймор селосында дүниеге келген. Ауылындағы мектепті тәмамдаған соң Ашхабадтағы медучилищеге оқуға тапсырады. 1992 жылы оқуын аяқтап, туған ауылындағы клубта меңгеруші болып қызмет атқарады. Кейіннен Маңғыстау облысының Өзен ауданына көшіп келеді.

- Біз 1994 жылы Қазақстанға көшіп келдік, ол кезде мен тұрмыстамын, тұңғышымыз Махаббат бір жаста еді. Кейіннен ұлымыз өмірге келді, сөйтіп мен ол кездері үйде баламен отырдым. 1998 жылы Ақтау қаласына көштік, жұмыс жоқ, қиын кездер еді, - деп еске алады Қарлыға Құдайбергенова.

2-ші топтық мүгедектігі бар Қарлыға мамандығы бойынша жұмыс табудың реті келмеген соң, алғашында аулада ұсақ-түйек сатумен күнелтеді. Кейіннен базарға шыққан шебер ол жерде көрпе, құрақ бұйымдарының тапшылығын көріп, өзін осы істе байқап көрге бел буады.

- Қаладағы базарға шыққанымда көрпе, қыз жасауы бұйымдарының жетіспейтіндігін байқадым. Содан бастап бала кездегі тігіншілік ісімді қайта қолға алдым. Жалпы менің анам өте шебер тігінші еді, ол біреудің үстінен жақсы киім көрсе соны айнытпай тіге білетін. Одан көріп, білгенім бойынша менде құрбыларыма, өзіме түрлі көйлектер тігіп алатынмын. Алайда көрпе тігу киімге қарағанда өзгеше, жұмысы да күрделі, - дейді шебер.

Оның бұл іспен айналысарда арнайыландырылған бастапқы капиталы да болмаған. Бәрі аяқ астынан, өз ретімен жасалып отырған.

- Базарға мақта әкеп сататын әйел, 50 келі мақтаны ақшасын кейін берерсің деп тастап кетті. Оны тазалап, мата алып алғашқы көрпелерімді тіктім. Осылайша көрпе тігумен қалай айналысып кеткенімді өзімде білмей қалдым. Көрпеге қажетті маталар, мақта, жүн базарда толып тұр. Алғашқы клиенттерім көршілерім болды, жалпы халық мұндай заттарды іздеп базарға көп келеді. Менің тігіу стилім өзгеше әрі сапалы. Содан болар 10-15 жылдан бері келе жатқан тұрақты клиенттерім де бар. Олардың қатарында «Жамбасмұнай» сияқты мұнай компаниялары мен құрылыс мекемелері де бар. Қайда жүрсем де әйтеу мені іздеп тауып алып, тапсырыс беріп жатады, - дейді ол.

Қарлыға Түркіменбайқызының айтуынша, үйінің ауласында оның шағын цехы орналасқан. Сонымен қатар, тігін жұмысы бойынша екі көмекшісі бар.

- Жұмыс күрт көбейіп, тапсырыс мол түскенде екі көмекшімді шақырамын. Оған қоса, базарда екі сатушым жұмыс істейді. Болашақта жалпы ауылдық жерден тігін цехын ашсамба деген ойым бар, - дейді тігінші.

Ол ауыл шаруашылығы жұмысы бойынша 6% несие алып, тігін машиналарын жаңартқан. Оған қоса, «Даму» Қорының «Жұлдыздарға қара» байқауы аясында 150 мың теңгенің грантын ұтып алған.

Сондай-ақ ол екі баласын жалғыз өзі өсіріп, жеткізгендігін және әрдайым олардың қолдауына ие болғандығын жеткізді.
- Балаларым кішкетай бола тұра маған көп көмектесті. Тапсырыс көп болғанда екеуі екі жақтан түн ортасына дейін маған болысып, ертеңінде ұйқылары қанбай сабаққа барған кездері де болды. Ұлым Нұржан Ақтаудағы жол-көлік кщлледжін тамамдады, қазір әскерде өзінің Отан алдындағы борышын өтеуде. Қызым Махаббат Университете экономист-бухгалтер мамандығын алды. Қызымның тігіншілікке көп әуестігі жоқ, олар өздерінің мамандығы бойынша қызмет етсе екен деймін, -дейді ол.


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 319.32
  • EUR Евро 396.28
  • CNY Кит. юань 50.34
  • RUB Рос. рубль 5.66
  • GBP Англ. фунт 447.56

Доска объявлений