Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Алмат Қасымовтың «Құс нарығы»


Арқалық қаласының тұрғыны Алмат  Қасымов бала кезінде классикалық музыкамен әуестенген. Музыка пәні мұғалімінің баласы әрі музыкалық мектепті тамамдайды. Өсе келе Алмат өзінің жанына жақын мамандықты таңдайды. 1988 Арқалық агроном колледжін үздік бітірген Қасымов ауыл шаруашылық машинасын жөндеу мамандығын алып шығады.

Өмір өз ағысымен аға берді. Алмат шаңырақ көтеріп, балалары дүниеге келеді. Ол жергілікті совхозда тракторлар мен комбайндардың жұмыс істеу жағдайын сақтау үшін абыройлы еңбек етті.  2001 жылы оның өмірі бір жолата өзгерді. Қасымов басынан соққы алып, екінші топ мүгедегі атанады.
Емделу барысында дәрігерлер оған ауыр жұмыспен айналысуға тиым салады, алайда Алмат өзінің балалық шағындағы әуестігін еске алады.

– Бала кезімде мен агрономия бойынша анықтамалықтарды оқығанды жақсы көретінмін. Неге екенін білмеймін, әсіресе құс өсіру ісі қатты қызықтыратын, – деп еске алады кәсіпкер.

Алмат осылайша үйрек асырау шешімін қабылдайды. Болашақ құс асыраушы ақырындап жергілікті нарықты зерттей бастайды, қуанышқа қарай өз саласында табады. Жергілікті фермерлер қаз асырайтын, сондықтан Қасымов үйрек пен күрке тауық асырауға бел буады. Ол құс фабрикасына қарағанда үйде өсірілген құстардың жоғары бағаланатынын түсінеді. Қандай тағамдарды қолданған жөн екендігін сұрастырып біледі, барлық ерекшеліктер жайындағы мәліметтерді де табады. Осылайша ізденіп жүргенде он жыл уақытта өте шығады.  

2011 жылы Алматтың арманы іске асады. Ол қолдау білдіру үшін «Даму» Қорына жүгінеді. Кәсіпкер мемлекеттің көп көмек жасағандығын айтады.

– Менде сол күнен бері бәрі ойдағыдай жүруде. Көрші ауылдан құстар сатып алдым. Кейіннен алғашқы клиенттер пайда болды, олар бірден 50 бас үйректі сатып алды, – деп еске алады Алмат.

Қазір оның «құс нарығы» аяғынан тұрып, беки түскен. Табыс деңгейі өзге бизнес бағытын дамытуға қауқарлы дейді кәсіпкер.


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 325.75
  • EUR Евро 382.04
  • CNY Кит. юань 51.04
  • RUB Рос. рубль 5.31
  • GBP Англ. фунт 436.21

Доска объявлений