Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Шаханның жобасы


Шаханның жобасы
Облыс әкімдігі ғимаратында мүгедектердің барлық талабына сәйкес келетін пандус салынып, таныстырылымы өтті.

Әкімдік ғимаратына пандус салу ісімен бірінші топ мүгедегі Шахан Жолдасбаев айналысты. Бұл — биыл оның облыс орталығында жүзеге асырған жетінші жобасы.
Арбаға таңылған жас жігіт осыдан екі жыл бұрын «Атамекен-Стартап» бизнес жобалар байқауына қатысып, «Алтын қыран» халықаралық корпоративтік қайырымдылық қоры ұсынған 2 миллион теңге грантқа ие болған еді. Шахан өз идеялары бойынша содан бері қаладағы бірнеше мекемеге пандус салған.

— Бұған дейін облыс әкімдігі ғимаратында пандус болған жоқ. Ғимаратқа кіру үшін мен секілді арбаға таңылған жандарға 3-4 адам көмек көрсететін. Енді әкімдік ғимаратына ешкімнің көмегінсіз, бір өзім көтеріліп-түсе алатын болдым. Пандустардың ыңғайлылығын мүгедек жандар ғана ажырата алады. Ғимараттарға бізбен кеңеспей, пандус салмаған дұрыс. Біз «Не стройте для нас без нас!» ұранын ұстанамыз. Егер қалада пайдалануға беріліп жатқан ғимараттардағы пандустар мүгедектердің қоғамдық ұйымдары мүшелерінің қатысуымен жүзеге асырылса, бүгінде мұндай мәселе орын алмас еді. Облыста пандус мәселесі осымен түпкілікті шешілді деп айта алмаймын. Мәселен, қазір Ақтөбе қалалық әкімдігінде, қаладағы көптеген аурухана ғимараттары алдында пандус жоқ. Әлі зерттеу керек, бұл бағытта көп жұмыстану қажет. Себебі қазір қала ғимараттарында пандустар талапқа сай салынбайды. Одан бізге ешқандай пайда жоқ, — деді облыс әкімдігі ғимаратына салынған пандустың таныстырылымы кезінде Шахан.
«Пандус ОК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Шахан Жолдасбаевтың айтуынша, қазір Ақтөбедегі 130-ға жуық мемлекеттік мекемеде не пандус жоқ, болмаса талапқа сай келмейді. Әкімдік ғимаратына салынған пандус құрылысына Шаханның өзі қатысқан. Арбаға арналған жолдың еңістігін 10-нан 8 градусқа төмендетуге нұсқама берген де — өзі.

Шаханның мұндай жобасын жүзеге асыруға облыстық кәсіпкерлер палатасы тарапынан қолдау көрсетіледі. Палата сарапшысы Бауыржан Дарқұлов Шаханға пандус құрылыстарымен айналысуға рұқсат беретін үшінші санатты лицензия алуға көмек көрсетілгенін айтты. «Кәсіпкерлер палатасы тарапынан қаржылай емес көмектер де көрсетіліп жатыр. Мәселен, бухгалтерлік есеп жүргізу, келісім шарттар жасасу мәселесінде қолдау көрсетеміз», — дейді Б.Дарқұлов.

Бүгінде Шаханды аудандағы тағдырластарының жайы да алаңдатады. Пандус мәселесімен ол Хромтау, Мәртөк аудандарында болып, ондағы мемлекеттік мекеме басшыларымен кездесіпті, өз жобасын таныстырған. Шахан өз сөзінде құрылыс компаниялары басшыларына пандус салу кезінде тегін кеңес беруге дайын екенін айтты. Қазір оған түрлі мекемелер тарапынан пандус салуға тапсырыстар түсіп жатыр.

Дерек көз: Ақтөбе газеті
Арайлым НҰРБАЕВА


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 343.83
  • EUR Евро 383.95
  • CNY Кит. юань 52.8
  • RUB Рос. рубль 5.06
  • GBP Англ. фунт 486.42

Доска объявлений