Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Дәнекерлеу ісінің шебері


Зина Нұрпазылова өмір бойы әйелдерге тән емес жұмысты атқарып келді. Қостанай облысының Амангелді ауылынан Арқалыққа келген жас қыз ГПТУ-91-де малярлы-әрлеу ісін үйренеді, алайда мамандық бойынша ол жұмыс істеп көрмеген. Зина машина құрастыру зауытында токарлық және дәнекерлеуші болып жұмыс істейді, ЗИЛ-130 мен ГАЗ-53 жүк автокөліктерін жүргізеді, тіптен Астанадағы құрылыс алаңында көтерме кранды да басқарады.

– Бұл жұмыстың барлығын мен ГПТУ меңгердім, шыны керек пайдама жарайды деп еш ойлаған жоқ едім. Дегенімен нарық өз дегенін жасатты, малярлы-әрлеушілер менсіз де көп еді. Алайда көлік жүргізу және дәнекерлеу ісін жасай білу қажетіме жарады, – дейді Нұрпазылова.

Осы жылдың қысында ол қатты жарақат алады. Нәтижесінде басында ісік пайда болады. Ақпан айының ортасында ол ота жасатады, осылайша екінші топ мүгедегі атанады.

– Ойлау жұмыстарының барлығында басым ауырып, мазам қашатын, жадымда да біраз сақталмай қалды. Дегенімен дәрігерлер физикалық жұмыспен айналысуыма тиым салмады. Қалайда өмір сүруім керек қой, солайша қайта дәнекерлеуші ісімен айналыстым, – дейді кәсіпкер.

Хирургиялық ота жасалып, біраз уақыт өткен соң, яғни үш айдан кейін ол «Даму» Қорына барып, «Құс жолы» жобасына өтінім береді. Жеңімпаздар қатарынан табылған Нұрпазылова алған 300 мың теңгелік грантқа Қостанайдан дәнекерлеуіш жартылай автомат аппаратын алады.

– Мұндай аппарат Арқалықта менен өзге ешкімде жоқ. Оның көмегімен дәнекерленген жалғаулар онша көрінбейді әрі жұмыста жылдам жүреді, – дейді Зина.

Жарты жыл ішінде ол тұрақты клиенттер жинап үлгерген. Іскер әйелдің айтуынша, ол жасаған қақпалар, есіктер, қорғандар тек сапалы ғана емес, бағасы жағынан де бәсекелестеріне қарағанда қолжетімді. Әрине, қиындықсыз да болмайды. Зина дәнекерлеушілік іс маусымдық екенін айтады. Қыста тапсырыстар өте аз түседі. Ал көктем мен күзде Нұрпазылованың заттарына сұраныс көбейеді.


Оның айтуынша, жеке ісі оған тек материалдық жағынан ғана көмектесіп қоймаған.


– Қалай айтсам екен, жеке ісіммен айналысқалы өзіме деген сенімділік арта түсті. Оның үстіне мүгедектерге көмектесу жағынан мүмкіндігім пайда болды. Егер олардың бірінің ақшасы болмай тұрса, мен тегін қызмет көрсетіп бере аламын, – дейді шебер.


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 343.83
  • EUR Евро 383.95
  • CNY Кит. юань 52.8
  • RUB Рос. рубль 5.06
  • GBP Англ. фунт 486.42

Доска объявлений