Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Дархан Уәлиев: «Қандай жағдай болмасын, құр қол қарап отыруға болмайды»


Дархан Уәлиевтің полиграфиялық және компьютерлік қызмет көрсету орталығы Павлодарда үлкен танымалдылыққа ие. Тұрғындар мұнда келіп визитка, бланкіге тапсырыс береді, құжаттардың көшірмесін жасуға және түйіндемені басып шығаруға келеді. Мұнда баға өзге орындарға қарағанда анағұрлым төмен және қызмет көрсету деңгейі де жоғары. Дархан Әмірұлы әр келушіні қуана қарсы алады.

Жақында орын алған қайғылы уақиғаға байланысты Уәливтің аяғы сыр бере бастаған, нәтижесінде оған екінші топ мүгедектігі берілген. Ер азамат күн көріс қамы тұрғысында көп ойланады. Жергілікті «Қайнар» колледжінің түлегі ол кезде заңгер мамандығы сұранысқа ие емес екендігін жақсы түсінген.

– Барлық жерде тәжірибесі бар мамандарды іздеді немесе бос орындар болмады. Бұл барып тұрған парадокс болды: бір жағынан заңгер мамандығы қашанда қажетті, екінші жағынан жоғары білікті мамандар ешкімге керек болмай қалды, – деп еске алады Дархан.

Мүгедектікке ұшырамас бұрын, осы жылға дейін ол бір жұмыстан екіншісіне ауысып жүрді. Бірде компьютер орталығында оператор болса, енді бірде сату сөресінде тұрды, мемлекеттік мекемеге жұмысқа да тұрғысы келді. Жұмысқа тұру жөніндегі уақытша қиындықтары уақыт өте келе тұрақты мәселеге айналды. Оған қоса, тағдыры жұдырықтай түсті: Уәлиев қозалу мүмкіндігінен айрыла бастады. Осы тұста туыстары оған аяқтан туру идеясын айтты.

– Олар «Даму» Қорына баруға кеңес берді. Мен мүгедектерге арналған «Құс жолы» байқауына қатысуға өтінім бердім. Менің полиграфиялық және компьютерлік орталық ашу жөніндегі бизнес жоспарым байқау комиссиясынан өтіп, 250 мың теңге көлемінде грант ұтып алдым, – дейді кәсіпкер.

Алған қаражатқа Дархан Әмірұлы бірінші кезекте соңғы шыққан компьютер алады. Оның бағдарламалық білімі базалық еді, алайда ол оқу курстарына ақша жұмсамауды жөн санады. Дархан өздігінен үйрену үшін оқыту дискілерін сатып алды. Осы уақытта жақын адамдары оған көпфункциональды  аппаратты алуға көмектесті, яғни басып шығару, көшірме жасауда қызмет көрсететін.

– Өз ісімді ашқаныма үш ай уақыт қана өтті. Осы аралықта бір түсінгенім ешқашан құр қол қарап отыруға болмайды екен. Қандай жағдай болмасын өзіңе сеніп, жарқын болашаққа қадам басу керек, – дейді бизнесмен.

Қазіргі таңда ол өзінің жасайтын қызмет түрі бойынша хабарландыру беруде әрі жаңа жылға қарсы Павлодардың басқа ауданына жаңа нүктесін ашуға орын іздеп жүр. Дархан Уәлиев, егер қажеттілік туындаса тағы да мемлекет көмегіне жүгінетіндігін айтады.


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 319.32
  • EUR Евро 396.28
  • CNY Кит. юань 50.34
  • RUB Рос. рубль 5.66
  • GBP Англ. фунт 447.56

Доска объявлений