Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Тиын сарайының құпиясы


Тиын сарайының құпиясы
Андрей Соловьенко – табысты кәсіпкер, Лисаковский Монетный Двор ЖК қожайыны. Екінші топтық мүгедектігі оған кәдесыйлық тиындардан бизнес жасауына еш кедергісін келтірмеді. 2015 жылдың сәуір айында ол «Даму» Қорының қолдауына жүгініп, «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың Бірыңғай бағдарламасы аясында грант ұтып алды. Андрейдің қолдан жасалған тиындары  – сәттілікті шақыруға, махаббатын білдіруге, мейраммен құттықтауға және бизнесті жарнамалауға көмектесуде. Біздің бизнес-порталға Андрей өзінің тиын сарайы жайлы айтып берді.

Андрей, өз ісіңізді ашуға не түрткі болды және барлығы қалай басталды?

А.С.: Мен радиода жұмыс істеп жүргем, бір жылдан кейін жұмыстан шығарып жіберді, міне осы жағдай мені өз ісіммен айналысуға итермеледі. Жаңа жұмыс орнын іздеуге менің мүгедектігім кедергісін келтірді, ешкім мені кандидат ретінде қарағысы келмеді. Өз ісімді ашу жайлы мен бұрыннан ойлап жүргем, дегенімен қашанда бір үрей бар еді. Жұмысымнан айырылған соң ол үрей басылды, орнына қаражаттың жетіспеушілігі келді.

Неліктен сіз тиын соғу бизнесін таңдадыңыз?

А.С.: Шынымды айтсам бұл іспен айналысам деген кез есімде жоқ. Бұл осыдан екі жыл бұрын болған еді, идея аяқасты келді, яғни бизнестің нұсқаларын интернеттен қарап отырғанда. Бірінші кезекте мен шығындарды есептедім, өзін ақтауын және «Даму» Қорының «Бизнес кеңесші» екікүндік оқу курсына қатыстым.

Старт үшін сізге не қажет болды?

А.С.: Мен өз идея және есебіммег «Даму» Қорына келдім, онда маған бизнес жоспар жасауға көмектесті. Кейін ЖК тіркедім, қажетті жабдықты сатып алдым содан кейін  Лисаковский Монетный Двор ЖК өз жұмысын бастады.

Сіздің компания қандай өнімді ұсынады?

А.С.: Біз қолдан жасалған тиындарды шығарамыз, мөлшері 25 мм және одан сәл үлкендеу 32,6 мм. Бізде кез келген мерекелік оқиғаға арналған тиындар бар, сонымен қатар тиындарды тапсырыс бойынша да жасаймыз, портрет, жазуымен және бизнес үшін де. Оған қоса бізде тойға не мерекеге бару сияқты қызықты қызмет түрі бар. Бұл WOW-эффектілі аттракцион. Біз әрдайым өз өніміміздің жиегін кеңейтудеміз, бизнес күн сайын дамуда. Адамдар көптеп бізді біле түсуде, тиындарымызды сатып алуда.

Қандай тиындар көп сұранысқа ие?

А.С.:  Көбінде түрлі мерекеге сыйлық үшін сатып алады. Адамдар ерекше нәрсе сыйлағысы келеді, ал біз оны ұсына аламыз. Жақында 14 ақпан қарсаңында романтикалық тақырыптағы тиындарды талап әкетті. Сондықтан үлкен мейрамдар алдында тыңғылықты дайындалуды қолға алдық және алда келе жатқан  8 наурыз халықаралық әйелдер күніне де алдын ала тапсырыстар келіп түсті.

Айтыңызшы, өз қызметтеріңізді қалай жүргізудесіздер?

А.С.:  Жарнама мен коммуникация үшін сайт жасап түрлі әлеуметтік желіде парақшамызды аштық. Вконтакте, Одноклассники, Менің Әлемім, Facebook, Instagram және Twitter сияқты әлеуметтік желілерде біздің парақшамыз бар. Интернеттегі жарнама шыныменде тиімді болып шықты. Барлық керекті мәліметті біздің lismd.kz сайтынан табуға болады.

Андрей, алдағы жоспарыңыз жайлы айта отырсаңыз?

А.С.:  Алдағы жоспарым кеңсе ашып, тұлғалар тауып кеңейе түсу. Жалпы келешекте бизнестің басқа түрін іске қоспақпын, ол адамдарға тіптен елімізге пайда әкелетін болады. Оның қандай бизнес екенін әзірге құпия күйінде қалдырғым келеді. Өз ісінашқысы келетіндерге сәттілік пен ештеңеден қорықпауды тілеймін, барлығы өз қолыңызда!


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 361.66
  • EUR Евро 409.51
  • CNY Кит. юань 52.36
  • RUB Рос. рубль 5.41
  • GBP Англ. фунт 459.96

Доска объявлений